Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі N ЗС-28-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 шілдеде N 3230 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешімімен

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N а-7/242 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының қоса беріліп отырған ставкалары бекітілсін (Қосымша).
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық          Ақмола облыстық
      мәслихаты                мәслихатының
      сессиясының төрағасы     хатшысы

Ақмола облыстық мәслихатының
      2007 жылғы 6 шілдедегі 
      N 3С-28-7 шешіміне   
      қосымша        

Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

N№ Экономика салалары Өлшем
бірлігі
төлемақы ставкалары

1

Тұрмыстық, пайдалану және коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар

тиын/м 3

3,6

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

тиын/м 3

10,07

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/м 3

2,88

4

Балық шаруашылығы - су көздерінен суды алуды жүзеге асыратын тоғандық

тиын/м 3

2,88

5

Балық шаруашылығы - суды пайдаланушылар,
су көздерінен балық аулау

теңге/тонна
ауланған балық

72,35

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады