Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы N С-24/3 "Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Щучье аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N С-37/8 шешімі. Щучье ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 13 сәуірде N 1-19-100 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 наурыздағы № С-6/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2008.03.18 № С-6/6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметттік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-63, 2006 жылғы 17 қаңтар, аудандық «Луч» газетінің 2006 жылдың 06 ақпанындағы № 11 санында, «Бурабай» газетінің 2006 жылдың 09 ақпанындағы № 6 санында жарияланған) шешіміне, Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 06 наурыздағы № С-26/3 «Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-73, 2006 жылғы 21 наурыз, аудандық «Луч» газетінің 2006 жылдың 15 мамырындағы № 39 санында, «Бурабай» газетінің 2006 жылдың 11 мамырындағы № 20 санында жарияланған), шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Аталған шешімнің 1 қосымшасындағы 1 «Жалпы ереже» бөлігіндегі 3 тармақ келесі сөздерімен толықтырылсын:
      Екі не одан да көп 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыға, кірісіне қарамастан;
      1 топтағы онкологиялық аурумен және 1, 2 топтағы туберкулез ауруымен ауыратын, жеке сауықтыру бағдарламасы бар мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезіндегі материалдық көмек көрсету, кірісіне қарамастан;
      Операция жасалғаннан кейін сауықтыру үшін, операциядан кейін 3 ай мерзімде өтініш берген мүгедектерге, кірісіне қарамастан;
      1 топтағы мүгедектерге гемодиализ қажет болған жағдайда, кірісіне қарамастан.
      2) Аталған шешімнің 1 қосымшасындағы 3 «Қажетті құжаттардың тізбесі» бөлігінің 11 тармағының 7 «онкология ауруымен ауырған 1 топтағы мүгедектердің және 1, 2 топтағы туберкулезбен ауырған, операция жасалған мүгедектердің, гемодиализ қажет ететін 1 топтағы мүгедектердің ауруы тарихынан үзінді» тармақшасымен толықтырылсын.
      2. Аудандық мәслихаттың аталған шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес енгізілген өзгерістер есепке алынып, жаңа редакцияда берілсін және бекітілсін.
      3. Щучье аудандық мәслихатының аталған шешімінің 4 қосымшасы алып тасталсын.
      4. Осы шешімі Ақмола облысының Щучье аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХХVII сессиясының
      төрағасы                                   О.Дүйсенбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Г.Марченко

Щучье аудандық мәслихатының
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ С-37/8 шешіміне
қосымша

Сауықтыру жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтiк материалдық көмек көрсету ережесі

1. Жалпы Ереже

      1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бойынша, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді».
      2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
      3. Әлеуметтік материалдық көмек жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес тағайындалады және төленеді:
      1, 2 топтағы 2 және одан да көп мүгедектер тұратын отбасына, кірісіне қарамастан;
      ата-анасының (асыраушысының) бірі мүгедек болса, 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелейтін отбасына, кірісіне қарамастан;
      сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі Ақмола облысында белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектің отбасына;
      екі не одан да көп 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалары бар отбасыға, кірісіне қарамастан;
      1 топтағы онкологиялық аурумен және 1, 2 топтағы туберкулез ауруымен ауыратын, жеке сауықтыру бағдарламасы бар мүгедектерге, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезіндегі материалдық көмек көрсету, кірісіне қарамастан;
      операция жасалғаннан кейін сауықтыру үшін, операциядан кейін 3 ай мерзімде өтініш берген мүгедектерге, кірісіне қарамастан.
      1 топтағы гемодиализ қажет болған жағдайда, кірісіне қарамастан.
      3-1. Мүгедектің отбасына жиынтық кірісінде материалдық көмек сұраған тоқсан алдындағы ақшалай түрде алынған барлық кіріс түрлері (еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, алимент, оқитындардың стипендиясы және басқа табыстар) есептеледі. Табыстарға тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және жерлеуге біржолғы жәрдемақы қосылмайды.
      4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік материалдық көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін құрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне өтінім тапсырады.
      5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.

2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау тәртібі

      6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
      7. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
      8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
      9. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
      10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы шешімі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

3. Қажетті құжаттардың тізбесі

      11. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
      1) Мүгедектер үшін – жеке куәлік; мүгедек балалар үшін туу туралы куәлік және ата-аналарының (қамқоршының) жеке куәліктері;
      2) Азаматтарды тіркеу кітабы;
      3) Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген әлеуметтік жеке сауықтыру бағдарламасы;
      4) Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген мүгедектік туралы анықтама;
      5) Мүгедек отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі;
      6) Отбасы кірісін куәландыратын құжаттар;
      7) Онкология ауруымен ауырған 1 топтағы мүгедектердің және 1, 2 топтағы туберкулезбен ауырған, операция жасалған мүгедектердің, гемодиализ қажет ететін 1 топтағы мүгедектердің ауруы тарихынан үзінді.
      12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Құжаттардың жоқтығы мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.

4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері

      14. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет отбасына, осы Ережелердің 3, 3-1 тармақтарына сәйкес төленеді.

5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу

      15. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
      16. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады