Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округіне қарасты Ленин путь ауылының атын Әбдіқадыр ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 25-13 шешімі және Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 28 маусымдағы N 143 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 13 тамызда N 1665 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округіне қарасты Ленин путь ауылына Әбдіқадыр есімі берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сесиясының төрағасы С. АҚШАЛОВ
      Облыс әкімі Б. ЖЕКСЕМБИН
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә. ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады