Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі N 41/5 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 23 шілдеде N 8-3-42 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы N 51/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 15.01.2016 N 51/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Теміртау қаласы әкімінің бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, азаматардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат шешім етті:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары анықталсын:
      1) мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен өткізілетін ресми шаралар үшін мұз Сарайының алаңы, қалалық мәдениет Сарайының алаңы, мәдени демалу паркі, жас көрермендер театры, Металлургтер манументі алаңы, "Ақтау" бос уақытты мәдени өткізу орталығы (Ақтау кенті, К. Маркс көшесі, 5);
      2) қоғамдық-саяси сипаттағы мемлекеттік емес шараларды өткізу үшін ескі қала паркі (Республика даңғылы, 134), "Цементник" мәдениет Үйінің алдындағы алаң (Ақтау кенті, Центральная көшесі, 3а);
      3) сәулеттік және функционалдық қолданылуына сәйкес ресми және мәдени-көңіл көтеру үшін басқа да алаңдар мен скверлер.
      2. Осы шешім бірінші жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
      Мәслихат хатшысы А. Аркатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады