Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 480 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 17 шілдеде N 8-6-49 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы N 46 шешімімен

      Ескерту . Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 11.05.2016 N 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орын болып академик Қ.И. Сәтбаев атындағы даңғыл мен Жеңіс көшелерінің қиылысындағы алаң белгіленсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы И. Бралин
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Ковтун

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады