Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 40 және Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 322 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда N 4196 тіркелді

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.07.2013 N 188 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.07.2013 N 112 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазалы ауданындағы халқының саны 50 адамнан кем төмендегідей елді мекендер таратылып, қалған шаруа және басқа да қоныстар сол ауылдық округтегі ең жуық елдi мекендердің құрамына енгiзiлсін:
      Көларық ауылдық округінің Шерекен және Мырзабек елді мекендері Ақтан батыр елді мекені құрамына;
      Сарыкөл ауылдық округінің Сағыр, Ізтілеубазы, Қазанқап елді мекендері Жұбан елді мекені құрамына;
      Сарыкөл ауылдық округінің Ботбай, Шоратай, Маймақ, Мырзабек елді мекендері Абай елді мекені құрамына;
      Майлыбас ауылдық округінің Кеңтүп, Дарбас, Жаңаарық елді мекендері Ақсуат елді мекені құрамына.
      2. Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округінің Самұратбазы елді мекенінде тұрғындардың болмауына байланысты оның аумағы осы ауылдық округтің Жұбан елді мекені құрамына енгізіліп, таратылсын.
      3. "Қызылорда облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесіне (Б. Сапар, келісім бойынша) осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      4. Қазалы ауданының әкімі шаруа және басқа да қоныстардың тұрғындарын елді мекендерге көшу және оларды келешекте жайластыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
      5. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                    М. Құл-Мұхаммед

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                         А. Тайманов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                         Н. Құдайбергенов

      "Келісілді"
      Қызылорда облысының статистика
      басқармасының бастығы                       Б. Сапар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады