"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 330 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы 2007 жылғы 12 ақпанда N 9-1-64 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2010 № 276 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын yй қатынастары туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты  ШЕШТІ:

      1.«"Тұрғын yй көмегін көрсету Қағидасы туралы" Мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-58, 2006 жылғы 3 қарашадағы N 125 "Қостанай» газеті") өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй көмегін есептегенде қолданылмайды. Осы санаттағы азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге шығындардың жүз пайызы өтеледі.";

      5-тармақта "жиырма бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері, пайдаланатын алаңы көлемінің бір адамға он сегіз шаршы метрін құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар үшін пайдаланатын алаңының көлеміне байланыссыз отыз шаршы метр шегінде, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін төлеуге отыз алты шаршы метр шегінде, бірақ тұратын алаңынан аспайтын.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармағымен толықтырылсын:
      "11-1. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері тұрғын үй көмегін алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
      арыз;
      Ұлы Отан Соғысының қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесін;
      өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін;
      пәтер жоспарының көшірмесін;
      азаматтарды тіркеу кітабының немесе мекен-жайын растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
      есептеу аспаптары бар болса, коммуналдық қызметтерге төлеуге нақты шығындарын растайтын құжаттар.";

      18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін және телефон үшін ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы тағайындауға шындыққа жанаспайтын мәліметтер берген үшін бір жылға дейінгі мерзімге оны алу құқығынан айырылады.";

      4-тарау «Жергілікті жылытумен жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) материалдық көмек беру тәртібі» шығарылсын.

      2. Осы шешім, 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, 2007 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, 
      Қалалық Мәслихат хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады