Павлодар ауданы Луганск ауылдық округінің Духовницкое ауылын қайта атау туралы.

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихаты мен Павлодар облысы әкімиятының (III сайланған XXIV сессия) 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 28/24 шешімі мен қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 30 сәуірде N 3085 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы 11-бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" N 281  қаулысына , Павлодар ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 9 қыркүйектегi "Духовницкое ауылын қайта атау туралы" N 281 қаулысына,Павлодар ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 9 қыркүйектегі "Духовницкое ауылын қайта атау туралы" N 17/96 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және Духовницкое ауылы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi  ШЕШIМ  ЕТЕДI :
      1. Павлодар ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2. Павлодар ауданы Луганск ауылдық округiнiң Духовницкое ауылы Аққұдық ауылы болып қайта аталсын. 
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      4. Осы шешiм ресми жарияланғаннан соң он күн өткен мерзiмде күшiне енедi.

       Сессия төрағасы Л. Белогривый

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады