Павлодар облысы Качиры ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облысының әкімдігі мен мәслихатының 2008 жылғы 14 қаңтардағы біріккен N 1, 50/3 қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 24 қаңтарда N 3102 тіркелген.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11- бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Качиры ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 5/26, N 5/27 бiрлескен шешiмдерiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 қазандағы "Павлодар облысы Качиры ауданының, Качиры селолық округiнiң және Қашыр ауылының атауларын өзгерту туралы" N 246/8 қаулысына сәйкес және Качиры ауданы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI  және облыстық мәслихат  ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi комиссиясы Качиры ауданын Тереңкөл ауданы етiп қайта атау туралы мәселесiн қазақстан Республикасы үкiметiне жолдасын.

      2. Качиры селолық округi Тереңкөл селолық округi, Қашыр ауылы Тереңкөл ауылы болып қайта аталсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      4. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады