"2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" облыс әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 105 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 2 қазанда N 225 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті 2007 жылғы 2 қарашада N 1656 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына және "Нормативті құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" облыс әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 105 қаулысына (2007 жылғы 20 сәуірдегі»"Солтүстік Қазақстан", 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Северный Казахстан"»газеттерінің тіркеу нөмірі N 1644) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған облыстық шақыру комиссиясының (әрі қарай - комиссия) құрамына:
      Tоқсанбаев Ысқақ Батайұлы - Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары енгізілсін;
      басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сұлтанов Талғат Дүйсенұлы комиссия құрамынан шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады