"Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 239 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 290 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаментінде 2007 жылғы 25 желтоқсанда N 1660 тіркелді. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы N 62 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.03.2014 N 62 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы"»облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 239 қаулысына (2007 жылғы 19 қазан Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1655 тіркелді, 2007 жылғы 24 қазан "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2007 жылғы 24 қазан "Северный Казахстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "50 проценті" деген сөздер "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта "жергілікті бюджеттерді кезекті нақтылау кезінде" деген сөздер алып тасталсын.
       2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

      Oблыс әкімі

О внесении изменений в постановление акимата области от 15 октября 2007 года N 239 "Об оказании социальной помощи малообеспеченным гражданам"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 12 декабря 2007 года N 290. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 25 декабря 2007 года N 1660. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 17 марта 2014 года N 62

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 17.03.2014 N 62

      В соответствии с подпунктом 17) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", статьей 28 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года N 213 "О нормативных правовых актах"»акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ :
       1. Внести в постановление акимата области от 15 октября 2007 года N 239 "Об оказании социальной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Северо-Казахстанском региональном разделе реестра государственной регистрации 19 октября 2007 года за N 1655, опубликовано в газетах "Солтүстік Қазақстан" от 24 октября 2007 года, "Северный Казахстан" от 24 октября 2007 года) следующие изменения:
      в пункте 1 слова "50 процентов" заменить словом "одного";
      в пункте 3 слова "при очередном уточнении местных бюджетов" исключить.
       2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года.

      Аким области