Атырау облысы Мәдениет басқармасының Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 296 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 қаңтарда № 2513 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012 жылғы 9 шілдедегі № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012.07.09 № 212 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына, облыс әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Қоса берілген Атырау облысы Мәдениет басқармасының Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы С.М. Рысқалиевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Рысқалиев

Облыс әкiмиятының   
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 296 қаулысымен бекітілген

Атырау облысы Мәдениет басқармасының Мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ
Мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету және әкелу құқығына рұқсат беру
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      Қазақстан Республикасының кедендік және Мемлекеттік шекарасы
арқылы мәдени құндылықтарды өткізу үшін негіз болып табылатын куәлік
беру.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге мәдени
құндылықтарды уақытша әкетуге рұқсат беретін куәлік беру және оны қайтарып алу Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының 8 бабының 6 тармағына және 36 бабы 3 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге рұқсат беретін куәлік беру мен оны қайтарып алуды Атырау облысы Мәдениет басқармасы жүзеге асырады, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 9,№ 3 кабинет, тел. 354-189.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу
нысаны (нәтижесі): Мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу
құқығына арналған куәлік.
      6. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу құқығына куәлік Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына беріледі.
      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды
тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап және т.б.) сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күн.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Атырау облысы
әкімятының қаулысымен бекітіледі.
      10. Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,
түскі үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері:
сенбі, жексенбі.
      11. Қызмет ұсыну орны: Атырау облысы Мәдениет басқармасының
ғимараты, 3 кабинет тел.354-189.
      Мемлекеттік қызмет ұсыну туралы ақпарат Атырау облысы
Мәдениет басқармасы ғимаратында және облыстық музейлерде
стенділерде орналасқан.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу жүргізілмейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу құқығына
куәлік алу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
      Мәдени құндылықтарға меншік құқығы туралы анықтама;
Экспозицияға, гастрольге, қалпына келтіру жұмыстарына, ғылыми зерттеу жұмыстарына, тұсаукесерлерге, көрмелер мен халықаралық мәдени іс-шараларға ресми шақыру;
      Әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрайтын бөліктердің 10х15 сантиметр мөлшерлі 2 дана фотосуреті;
      Арыз иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін Атырау облысы Мәдениет басқармасы бастығының атына арыз жазылады.
      14. Қажетті құжаттар туралы ақпарат Атырау облысы Мәдениет
басқармасының ұйымдастыру және мәдени-көпшілік жұмыс бөлімінде беріледі.
      15. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы тұтынушынық мемлекеттік қызмет алатын уақыты мен сараптамаға жолдамадан тұратын құжат қабылданғанын растайтын анықтама алады.
      16. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу құқығына куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      қажетті құжаттар толық тапсырылмағандықтан;
      сараптама тобының қортындысында көрсетілгендей әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағаттанғысыз жай-күйі;
      Мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы;
      Сараптама тобының қорытындысында көрсетілген әкету мақсатының
арызында көрсетілген мақсатпен сәйкес келмеуі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызмет ұсыну кезінде қызметкерлер Мемлекеттік
қызметшілердің "Ар-намыс кодексін" ұстанады.
      18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық
ақпарат беріледі.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер арыз иесіне
берілген ақпарат үшін толық жауап береді.
      20. Мемлекеттік қызметтің нәтижелеріне уақтылы келмеген
жағдайда қызметкерлер құжаттардың сақталуына жауап береді.

4. Жұмыс нәтижелері:

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

90%


1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі)

90%

80%


2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

100%

100%


2.2. Лауазымды тұлға құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайда (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100%

100%


3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

90%

90%


3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80%

70%


3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет ақпаратының % (үлесі)

30%

20%


4. Шағымдану үрдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қамтылған тұтынушылардың негізделген шағымдары % (үлесі)

1%



4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар % (үлесі)

10%

10%


4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

90%

80%


4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

90%

80%


5. Сыпайылық

5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

90%

80%


5. Шағымдану тәртібі

      21. Атырау облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыру және
мәдени-көпшілік жұмыстар бөлімінің бас мамандарының іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) щағымдану тәртібін Атырау облысы Мәдениет
басқармасының ұйымдастыру және мәдени-көпшілік жұмыстар бөлімінің
бастығы түсіндіреді № 3 телефон: 354-189.
      22. Шағым Атырау облысы Мәдениет басқармасы бастығының атына
беріледі.

6. Байланыс ақпараты

      23. Атырау қаласы Азаттық данғылы, 9, № 3 кабинет.
Телефондары: 324-137, 354-189.
      24. Жұмыс режимі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
түскі үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері:
сенбі, жексенбі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады