Асықата кентіне Ш.Ділдабеков ауылдық округінен кіре-беріс үлкен көшеге Төлеби есімін беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Асықата кенті әкімінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 93 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 21 маусымда N 14-7-44 тіркелді

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, және осы көше тұрғындарының 2007 жылғы 11 қаңтардағы жалпы жиналысының хаттамасына, 2007 жылғы 5 наурыздағы аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына, және Асықата кенті Партком учаскесі тұрғындарының өтініштеріне негізделіп Асықата кенті әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Асықата кентіне Ш.Ділдабеков ауылдық округінен кіре-беріс үлкен көшеге Төлеби есімі берілсін.
      2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен коммерциялық ғимараттарға сандық белгілер орнату, көшені таза ұстау әрі үлгілі көше деген атаққа лайықты болуын Асықата кенті әкімінің орынбасары Н.Әбдірайымнен сұралсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Асықата кенті әкімі Қ. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады