Байланыс формасы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылының атын қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 158 қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/384-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 2 тамызда N 2453 тіркелді

     «"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының  1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының  4) тармақшасына сәйкес, "Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылының атын өзгерту туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 13 ақпандағы N 01-02/32-12 бірлескен шешімі мен әкімдіктің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 628 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:
      1) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылы Мамырсу ауылы болып;
      2) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Мамырсу ауылдық округі болып қайта аталсын. 

      2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Сессия                         Облыс 
      төрағасы                       әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады