"Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/385-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ІІІ сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 3/44-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 10 қаңтарда N 2467 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 03 шілдедегі N 12/139-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 03.07.2013 N 12/139-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің  92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі  N 24/385-ІІІ шешіміне (N 2455 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, "Дидар" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 107, "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 132 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесіндегі:

       4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке мұқтаждықтарына ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға да таралады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекітілген, N 4124 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу  ережелеріне сәйкес су объектісін тіркеу жүргізіледі."; 

      12-тармақтағы:
      "2005 жылғы 13 мамырдағы N 229" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      ", N 3720 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген."; 

      13-тармақ алынып тасталсын;

      14-тармақтағы "тиіс" сөзі алынып тасталсын, "орнатылуы" сөзі "орнатылады" сөзімен ауыстырылсын;

      15, 16, 20, 25-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Сессияның төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады