Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 шілдедегі N 40-20 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2007 жылғы 31 шілдеде N 2992 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 23-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 23-14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешіміне (2006 жылғы 23 желтоқсандағы тіркеу N 2981, "Орал өңірі" газетінде 2007 жылы 9 қаңтардағы N 4 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешімінің қосымшасындағы 3 бөлім алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады