Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2008 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      4. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жеткiзсiн.

      5. Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 
2008 жылғы 25 қаңтар  
N 7 қаулысымен бекітілген

Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесі

      Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Осы Ереже 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі - Сақтандыру туралы заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы (бұдан әрі - қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қаржы ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиісінше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарымен , Сақтандыру туралы заңның және 26-баптарымен және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 1 және  36-1-баптарымен айқындалған.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Банктің немесе банк холдингінің бірлескен ірі қатысушысының банктің дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының көлеміне қарай есептеледі.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының көлеміне қарай есептеледі.

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының көлеміне қарай есептеледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға рұқсат беру туралы өтінішті беру және қарау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен. 

      3. Жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін (бұдан әрі - өтініш беруші) иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы, тұрақты тұратын (болған) жері туралы, сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжалданып отырған қаржы ұйымы акцияларының санының мыналарға сәйкес проценттік арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысанда жасалған өтінішті береді:
      банктің орналастырылған (банктің артықшылықты және сатып алынғандарын шегеріп) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына.

      Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуды қалайтын қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.

      Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болуды болжалдап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлесі) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Өтініш беруші өтінішпен бірге уәкілетті органға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26 баптың 7-1, 8-1-тармақтарында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.

      Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші осы Ереженің 5-тармағының талаптарын ескере отырып, осы Ереженің 8, 9, 10, 11- тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте береді.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 174 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      5. Өтініш беруші жеке тұлға туралы, оның атқару органының бірінші басшысы болып табылатын өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтермен осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мыналар қоса беріледі:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган анықтама нысанында берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша береді;
      осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын басқа құжаттардың көшірмелері.

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
      қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;
      қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).

      Егер өтініш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру қажеттілігі болған кезде уәкілетті орган тиісті органдардан және ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27 N 33 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      6. Банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5, 6, 7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтермен қатар тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуын растайтын, оның ішінде еншілес ұйымдардың қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды береді.

      7. Қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы осы Ереженің 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, тізбесін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін  заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілер тізбесінде N 4139 тіркелген) 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 55 қаулысымен белгілеген халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін барынша төмен рейтингінің берілгендігі туралы қосымша мәліметтерді береді.

      Қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1 бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.

       Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 8-тармағында және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингінің мәртебесін берумен бір уақытта тиісті қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі беріледі.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 174 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.03.29 N 49, 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      8. Өтініш беруші - жеке тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын өтініш беруші - жеке тұлғаның меншіктік құқық иелігіндегі мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      2) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);

      3) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;

      4) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;

      5) мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер;

      6) жеке тұлғаның мекендеу елінің салық органдарымен немесе басқа уәкілетті тұлғаларымен расталған кірістер және мүлік туралы мәліметтер;

      7) өтініш беруші туралы қысқаша деректер;

      8) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлғаның мекендеу елінің тиісті мемлекеттік органының жазбаша растауы, не көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының өтініші.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші - заңды тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жоғарғы органының тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

      2) осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      3) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      4) құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      5) басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;

      6) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есеп беру, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есеп беру;

      7) өтініш берушінің және тиісті қаржы ұйымдарының мәртебені алғаннан кейінгі болжалды есеп айырысу балансымен қоса тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық талдауы, егер бар болса іс-шаралар жоспарымен және ұйымдастыру құрылымымен қоса өтініш берушінің тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату жөніндегі, қайта құру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметі немесе басқаруы жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4)-тармақшаларында және 9-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      2) өтініш берушінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш берушінің осы ел заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растау, не осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініші.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      12. Осы Ереженің 4, 5, 6, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда оларды уәкілетті органға бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, уәкілетті органға өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      13. Тұлға қаржы ұйымының акцияларының жиырма бес және одан да артық процентін (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда оны жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады:

      1) қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлға (тиісінше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің акцияларының он (жиырма бес) және одан артық процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар);

      2) бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда бірі;

      3) тура және (немесе) қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан артық процентімен жанама дауыс беруді иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) немесе қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің акцияларының он (жиырма бес) және одан артық процентімен тура немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар.

      Сондай-ақ мына тұлғалар қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларының жиырма бес және одан да артық процентін (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бірлесіп иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) тұлғалар болып танылады:
      оның басшы қызметкері болып табылатын заңды және жеке тұлға;
      жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
      аталған заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.

      Сондай-ақ заңды тұлғалардың (жарғы капиталында қатысу үлесімен) акцияларын жүйелі иелену арқылы қаржы ұйымының, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің немесе қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтауға мүмкіндігі бар тұлға қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларын жанама иеленуші тұлға болып танылады. Бір заңды тұлғаның қаржы ұйымының акцияларын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жүйелі иелік ету арқылы жанама иелену (дауыс беру) үлесі көрсетілген заңды тұлғалардың бірінің екіншісіндегі осы жүйелілікте тікелей қатысу үлестерінің туындысы ретінде анықталады.

      Егер бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғадағы акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелену (дауыс беру) үлесі елу проценттен астам болған жағдайда, онда қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) үлесін есептеу мақсатында коэффициент бірге тең деп қабылданады.

      Егер заңды тұлғаның бес проценттен кем акцияларын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген тұлғалардың үлесі осы тұлғаның акцияларының (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жалпы санынан жиырма процентке асатын болса, заңды тұлғаның бес проценттен кем акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелік ететін тұлғалардың иелігіндегі акцияларды қоспағанда (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиырма бес және одан да артық процентін (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда, онда тұлға қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.
      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алу бойынша талаптар көрсетілген қаржы ұйымы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігінің болуы) арқылы қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленді деп танылған (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға таралмайды.
      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алу бойынша талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және осы қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігінің болуы) арқылы қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленген (дауыс беруге, шарт аясында немесе басқа жолмен қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға таралмайды.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27 N 33 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз),  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      14. Уәкілетті орган банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің, қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді осы Ережеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап үш айдан кешіктірмейтін мерзімде қабылдайды.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар берілген жағдайда құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттар екінші рет берілген жағдайда оларды қарау мерзімі жаңадан есептеледі.

      16. Уәкілетті орган қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді беруден Банктер туралы заңның 17-1-бабында , Сақтандыру туралы заңның 26-1-бабында , Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-2-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

      Өтініш берушіге қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      17. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      18. Бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күнінен немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болу өтінішінде көрсетілген мәліметтерде өзгерістер пайда болғаннан бастап он бес жұмыс күні үшінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп, уәкілетті органды хабардар етеді.

      Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу үшін осының алдында берілген келісімге өзгеріс енгізуге және осы өзгерістерге уәкілетті органның келісімін алу талап етілмейді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      19. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті орган аталған келісімді берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алғандығын куәландыратын үзінді көшірмені ұсынады.

      Жаңадан құрылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға қаржы ұйымының акцияларын мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесінен қаржы ұйымының акцияларын сатып алғандығын куәландыратын үзінді көшірмені ұсынады.

      Үзінді көшірме осы тармақта белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      20. Банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін осының алдында алған және соңынан банктің ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгісін ғана иеленіп отырған тұлға аталған сәйкессіздік пайда болған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган алдында уәкілетті органның осының алдында банк холдингі мәртебесіне ие болуға берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана ұсыну арқылы банктің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға уәкілетті органның келісімін беру туралы өтініш білдіреді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      21. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін осының алдында алған және соңынан қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингінің белгісін иеленбеген тұлға аталған сәйкессіздік пайда болған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсыну арқылы уәкілетті орган алдында уәкілетті органның осының алдында берген келісімінің қолданылуын тоқтату туралы өтініш білдіреді.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның берген келісімін қайтарып алу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      22. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін Банктер туралы заңның 17-1-бабында , Сақтандыру туралы заңның 26-бабында , Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабында көрсетілген негіздемелерге сәйкес кері қайтарып алады.

      Бұл жағдайда қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның берген келісімі қайтарып алынған тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 36-1-бабының 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындайды және қысқарту басталған немесе өзіне тиісті міндеттеме алған сәттен бастап үш күндік мерзім ішінде растаушы құжаттарды қоса ұсыну арқылы уәкілетті органға хабарлама береді.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      23. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарының ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және (немесе) сақтандыру холдингтеріне осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ықпал етудің шектеулі шараларын және мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен көзделген санкцияларды қолдануы мүмкін.        Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      24. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

Банктің, банк холдингінің ірі   
қатысушысы, сақтандыру (қайта   
сақтандыру) ұйымының, сақтандыру 
холдингінің ірі қатысушысы,   
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының 
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісімді беру, беруден бас тарту,
қайтарып алу ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 

      Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның
            басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
___________________________________________________________________
                    (қаржы ұйымының атауы)
1. Фамилиясы, аты-жөні
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының(дарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-аналары, інілері (ағалары), сіңлі-әпкелері (қарындастары) балалары және жегжаттары (ата-аналары, інілері (ағалары), сіңлі-әпкелері (қарындастары), жұбайының (зайыбының) балалары) туралы мәліметтер:

N

Фамилиясы,
аты-жөні,
бар болса -
әкесінің аты

Туған
жылы

Туыстық-
қатынастары

Жұмыс орны
және
қызметі

Жарғылық капиталда
қатысу сомасы/
атаулары көрсетіле
отырып, заңды тұлға-
лардың сатып алынған
акцияларының құны
(мың теңгемен)

1






2






   кестенің жалғасы

Осы тұлғаның иелігіндегі акциялар санының заңды
тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына
арақатынасы немесе оның жарғылық капиталында
қатысу үлесі (процентпен)

Жеке иелену

Бірлесіп иелену

тура

жанама

процент

заңды тұлғаның атауы/
жеке тұлғаның фамилиясы,
аты-жөні









        Мен осы ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық екендігін растаймын.

      Өтініш беруші
      жеке тұлға  __________________________________________________
                   (Фамилиясы, аты-жөні, бар болса - әкесінің аты,
                              баспа әріптермен толтырылады)
                          _____________________________________
                                            қолы
      Өтініш беруші заңды
      тұлғаның атқарушы
      органының бірінші
      басшысы     __________________________________________________
                   (Фамилиясы, аты-жөні, бар болса - әкесінің аты,
                              баспа әріптермен толтырылады)
                          _____________________________________
                                            қолы

      Мөр орны
      Күні ________________

Банктің, банк холдингінің ірі    
қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, сақтандыру холдингінің   
ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы    
зейнетақы қорының ірі қатысушысы  
мәртебесін иеленуге келісімді беру,
беруден бас тарту, қайтарып алу  
ережесіне 2-қосымша        

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 33 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз),  2010.11.29 № 172 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды
тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі
туралы қысқаша деректер

1. Білімі:

Оқу орнының
атауы

Түскен-
аяқтаған
уақыты

Мамандығы

Білімі туралы
дипломның
деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының
орналасқан
жері











  2. Соңғы үш жылда біліктілікті жоғарылату бойынша семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген орны және уақыты

Сертификаттың деректемелері







  3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс
кезеңі

Жұмыс орны

Қызметі

Тәртіптік жазаның бар болуы

Жұмыстан шығару, қызметтен босатылу себептері
















  4. Жарияланымдары, ғылыми еңбектері және басқа жетістіктері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 
5. Алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың бар болуы туралы мәліметтер

Күні

Сот
органының
атауы

Соттың
орналасқан
жері

Жаза түрі

Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
Кодексінің 1997
жылғы 16
шілдедегі бабы

Соттың
процессуалды
шешім
қабылдаған
күні













  6. Өзіне қабылданған міндеттемелерді бұзу фактісінің бар болуы туралы мәліметтер (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауы және міндеттемелердің сомасы көрсетілуі қажет)
 
7. Өтініш берушінің ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған мерзімінде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау немесе банкрот болу фактісінің бар болуы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 
8. Қаржы ұйымының аффилиирленгендігінің бар болуы (болмауы):
____________________________________________________________________
          (иә/жоқ, аффилиирленгендік белгілері көрсетілсін)
9. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мен осы ақпаратты тексергенімді, оның дұрыс және толық екендігін растаймын.

      Өтініш беруші
      жеке тұлға  __________________________________________________
                   (Фамилиясы, аты-жөні, бар болса - әкесінің аты,
                              баспа әріптермен толтырылады)
                          _____________________________________
                                            қолы
      Өтініш беруші заңды
      тұлғаның атқарушы
      органының бірінші
      басшысы     __________________________________________________
                   (Фамилиясы, аты-жөні, бар болса - әкесінің аты,
                              баспа әріптермен толтырылады)
                          _____________________________________
 

       Мөр орны
      Күні _________________

Қазақстан Республикасы  
Қаржы нарығын және қаржы 
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 
2008 жылғы 25 қаңтардағы 
N 7 қаулысына қосымша  

Күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілер тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4042 тіркелген) қаулысы.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4167 тіркелген, 2006 жылы 19 мамырда N 89-90 (1069-1070) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) қаулысы.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4141 тіркелген, 2006 жылы 21 сәуірде N 71-72 (1051-1052) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) қаулысы.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4744 тіркелген) қаулысы.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4745 тіркелген) қаулысы.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4715 тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады