Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5238 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 жылғы 15 тамыздағы N 124 (1153) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5183 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

"2-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал
жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі

      31-1. Оригинатор банк (бұдан әрі - оригинатор) Базель II: Капиталды және капитал стандарттарын өлшеудің халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 ж. маусым), шектеулі тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланады, егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тарапқа берілсе, бұл ретте секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (бұдан әрі - секьюритилендірудің шектеулі тәсілі) оригинатор активтерінің есебінен алынып тасталуы мүмкін.
      Секьюритилендіру мәмілелерінде қатысатын және оригинатор болып табылмайтын банктер осы мәміледе олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленгенді есептеу барысында осы Нұсқаулыққа сәйкес секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады.

      31-2. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес сауалнама;

      2) секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға жауапты, банктің Басқармасы құрамынан тұлғаларды айқындайтын құжат;

      3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не
      "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      4) осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес секьюритилендіруді ескере отырып және секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті туралы мәліметтер.

      31-3. Егер қандай да бір ұсынылатын құжаттар шет тілінде әзірленсе, онда оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

      31-4. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      31-5. осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағымен көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.
      Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға растау мынадай жағдайда берілмейді:
      1) осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаса;
      2) осы Нұсқаулықтың 31-7, 31-9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.     

      31-6. Оригинатор тәуекелді берудің қажеттілігін айқындау мақсатында мыналарды жүзеге асырады:

      1) секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді;

      2) секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді.

      31-7. Тәуекелді беру маңызды болып табылады, егер:

      1) секьюритилендіруді ескере отырып меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіруі ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;

      2) банк конглемератының мүшелері болып табылмайтын, оригинатор тиесілі үшінші тарап, секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштың 10 процентінен кем емесін ұстап қалады.
      Меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санмен көрсетіледі.

      31-8. Егер секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланбайды және секьюритилендіруді ескерместен тиісінше тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор меншікті капиталдан олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын шегермейді және/немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.

      31-9. Оригинатор мынадай талаптарды орындау барысындағы активтердің кредиттік тәуекелдерінің дәрежесі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:

      1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптармен ауыстырылған болатын;

      2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;

      3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышқорлардың төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде және оригинатордың (төлем қабілеттсіздігі) банкроттығы жағдайында;

      4) осы Нұсқаулықпен көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор мыналарды орындауға тиіс емес:
      арнайы қаржы компаниясындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды не жарғылық капиталға қатысудың тура немесе жанама үлесін иеленуге;
      арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;
      шартпен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;
      секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттар немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;
      секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттарда немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
      арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;
      арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.
      Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі - кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.
      Оригинатор немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар секьюритилендірудің кейінгі мәмілелерін жасау барысында арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;

      5) арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;

      6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;

      7) егер, секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:
      кері сатып алу опционы оригинатордың қарауымен ғана іске асырылады;
      кері сатып алу опционы секьюритирлендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағазар бойынша негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері 10 процент мәніне жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін;
      кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позициясының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдалмауы мүмкін;

      8) оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуы не оларды жиынтығымен мынадай талаптарды сақтағанда басқа активтерге ауыстыруы мүмкін:
      секьюритилендірілген активтерді олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құн бойынша сатып алынады;
      сатып алынатын секьюритилендірілген активтердің міндеттемелері жоқ, олар бойынша тиісінше міндетті тараптың дефолты орын алды, әділ нарықтық құн бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда;
      ауыстырылатын секьюритилендірілген активтерде тиісінше (ұқсас) классификациялық санат болуы тиіс.
      Оригинатор секьюритирлендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынуы мүмкін, бұл құралдар осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.

      31-10. Оригинатор тәуекелді беру қажеттілігі жағдайында банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелдері деңгейі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритирленген активтерді алып тастайды.

      31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингттік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ" төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингттік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.
      Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу процент және екінші деңгейдегі капиталдан елу процент мөлшерінде бөлінуі тиіс. Шегерілетін позициялар олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) бойынша құрылған сомаға кемиді.

      31-12. Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:

      1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;

      2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;

      3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;

      4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;

      5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.

      31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.
      Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:

      1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе

      2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.
      Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.

      31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі - өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.

      31-15. Өтімділік құралдары - секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген;

      2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;

      3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;

      4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптарды қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;

      5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;

      6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.

      31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:

      1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;

      2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;

      3) банк алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы бар;

      4) осы келісім осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.";
      34-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) заемшыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер, олар бойынша банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ;

      2-2) секьюритилендіру позициялары;";
      43-тармақтың 7) тармақшасында "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" деген сөздер "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшаның Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1, 52-1, 68-1, 88-2-жолдармен толықтырылсын:

"

34-1

Банкпен баланста ұсталынатын және Standard
& Poor's агенттiгiнің "ААА"-дан "АА-"-дейiнгі
кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейін-
дегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық
шәкілі бойынша "kzAAA"-дан "kzAA"-ға дейінгі
рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша
осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар
секьюритилендіру позициялары

20

52-1

Банкпен баланста ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттiгiнің "А+"-дан "А-"- дейiнгі
кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейін-
дегi рейтингi немесе Standard & Poor's
агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+"-дан
"kzA-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі
бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі
бар секьюритилендіру позициялары

50

68-1

Банкпен баланста ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттiгiнің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгі
кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейін-
дегi рейтингi немесе Standard & Poor's
агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ+"-
дан "kzВВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық
шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі
рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

100

88-2

Банкпен баланста ұсталынатын және Standard
& Poor's агенттiгiнің "ВВ+"-дан "ВВ-" дейiнгі
кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейін-
дегi рейтингi немесе Standard & Poor's агент-
тiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ+"-дан
"kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі
бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі
бар секьюритилендіру позициялары

350

";

      2-қосымшаның Кредиттік тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банктің шартты және мүмкін мiндеттемелер кестесi мынадай  мазмұндағы реттік  нөмірі 8-1, 12-1, 15-1, 17-жолдармен толықтырылсын:

"

8-1

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен
ұсталынатын және Standard & Poor's
агенттігінің "ААА"-дан   "АА-"-ға дейінгі
кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейін-
дегi рейтингi немесе Standard & Poor's агент-
тiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzAAA"-дан
"kzAA-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі
бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі
бар секьюритилендіру позициялары

20

12-1

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен
ұсталынатын және Standard & Poor's
агенттігінің "А+" дан "А-" дейін кредиттік
рейтингі немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң
бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi не-
месе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық
шәкілі бойынша "kzA+"-дан  "kzA-" дейін
рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша
осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар
секьюритилендіру позициялары

50

15-1

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен
ұсталынатын және Standard&Poor's  агенттігінің
"ВВВ+" дан "ВВВ-" дейін кредиттік рейтингі
немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі
бойынша "kzВВВ+"-дан  "kzВВВ-" дейінгі рейтинг-
тік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктері-
нің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас
деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру
позициялары

100

17

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен
ұсталынатын және Standard&Poor's агенттігінің
"ВВ+"-дан "ВВ-" дейін кредиттік рейтингі
немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі
бойынша "kzВВ+"-дан  "kzВВ-" дейінгі рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру
позициялары

350

";
      осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау  департаменті (Ділімбетова Г.А.):

      1) Заң департаментiмен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                        Е.Л. Бахмутова

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                  реттеу мен қадағалау агенттігінің
                                      2008 жылғы  28 сәуір N 58
                                         қаулысына 1-қосымша

                                   "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
                                    пруденциалдық нормативтер есеп
                                    айырысуларының нормативтiк мәнi
                                   мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
                                                12-қосымша

                         Сауалнама

      Оригинатор банктің атауы ___________________________________

N
р/р

Сұрақтар

Жауаптар

1

Арнайы қаржы компаниясының
атауы, орналасқан орны


2

Секьюритилендіруді ескерместен
меншікті капитал К2 жеткілікті-
лік коэффициентінің мәні


3

Секьюритилендіруді ескере
отырып, меншікті капитал К2 жеткіліктілік коэффициентінің
мәні (шектеулі тәсіл)


4

Секьюритилендірудің шектеулі
тәсілін қолданудың мақсатқа
лайықтылығын айқындауға жауапты
банк басқармасының құрамынан
тұлғалар айқындалды

_____ иә      _____ жоқ

5

Арнайы қаржы компаниясы
секьюритилендірілген активтер
бойынша төлемдерді борышкерлер-
дің төлемеуімен байланысты,
оның ішінде және оригинатордың
банкроттығы (төлем қабілетсіз-
дігі) жағдайында барлық
тәуекелдерді көтеретіндігі
туралы заңды қорытынды бар ма?

_____ иә      _____ жоқ

6

Оригинатордың жарғылық капитал-
дағы тура немесе жанама қатыс
үлесі не арнайы қаржы компания-
сындағы дауыс беру құқығы бар
акциялары бар ма?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер, келіскен жағдайда
қатысу үлесін көрсетсін

7

Оригинатор директорлар кеңесінің
немесе арнайы қаржы компаниясы-
ның басқарма мүшелерінің басым
көпшілігін тағайындауға немесе
сайлауға құқылы ма?

_____ иә      _____ жоқ

8

Оригинатор шартпен немесе өзге
тәсілмен арнайы қаржы компания-
сының шешімдерін айқындауға
құқылы ма?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер, келіскен жағдайда,
қандай тәсілмен екендігі
нақтылансын

9

Оригинатор арнайы қаржы компа-
ниясынан секьюритилендірілген
активтерді сатып алу бойынша
қандай да бір міндеттемелерді
өзіне қабылдауға құқылы ма?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер, келіскен жағдайда,
міндеттемелері көрсетіл-
сін

10

Оригинатор секьюритилендірілген
активтерге қатысты қандай да бір
тәуекелдерді ұстап қалу бойынша
міндеттемелерді өзіне қабылдауға
құқылы ма?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер, келіскен жағдайда
түсіндірсін

11

Оригинатор арнайы қаржы компа-
ниясы секьюритилендірілген
активтерді бергеннен кейін
секьюритилендірумен және арнайы
қаржы компаниясының қызметімен
байланысты шығыстарды қабылдай
ма?

_____ иә      _____ жоқ

12

Оригинатордың төлем міндеттеме-
лері арнайы қаржы компаниясымен
шығарылған бағалы қағаздар бола
ма?

_____ иә      _____ жоқ

13

Секьюритилендіру мәмілесінде
кері сатып алу опционы көзделген
бе?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер келіскен жағдайда,
кері сатып алу опционы-
ның іске асыру шартын
ашу керек

14

Оригинатор секьюритилендірілген
активтерді сатып алуға не оларды
жиынтығымен басқа активтерге
ауыстыруға құқылы ма?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер келіскен жағдайда,
активтерді сатып алу
немесе оларды ауыстыру
қандай жағдайларда
екендігін мүмкіндігінше
ашып көрсету

15

Оригинатор секьюритилендірілген
активтерге қызмет көрсету
бойынша қызметтерді көрсете ме?

_____ иә      _____ жоқ

16

Оригинатор мен арнайы қаржы
компаниясының арасындағы шартпен
және арнайы қаржы компаниясы мен
оригинатордың басқа құжаттарының
оригинатордың арнайы қаржы
компаниясына қандай да бір
қолдауды көрсетуге тыйым салуы
көзделе ме, оригинатордың секью-
ритилендіру мәмілесін жүзеге
асырудың басында оригинатормен
көрсетілетін қолдауды
қоспағанда?

_____ иә      _____ жоқ

егер келіссе, онда түсіндірілсін

17

Арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздар шығарылымының
проспектісінде оригинатордың
арнайы қаржы компаниясына
көрсететін шарттық қолдауы
туралы ақпарат бола ма?

_____ иә      _____ жоқ

18

Оригинатордың, сондай-ақ ориги-
натормен айрықша қатынастармен
байланысты тұлғалар құжаттарында
арнайы қаржы компаниясына қандай
да бір нысанда жанама қолдау
көрсетуге тыйым салу көзделген
бе?

_____ иә      _____ жоқ

19

Тартылған рейтингтік агенттіктер
туралы ақпарат


20

Бір секьюритилендіру мәмілесінің
аясында траншқа берілген
(сақталынған немесе иемденген)
кредиттік рейтингтер туралы
ақпарат


21

Секьюритилендіру мәмілесімен
байланысты банкте туындайтын
позициялар туралы ақпарат


22

Құжаттарда өтімділік құралдарын
пайдалану көзделе ме?

_____ иә      _____ жоқ
 
егер келіскен жағдайда,
онда қандай екендігі
көрсетілсін және оларды
пайдалану шарттары

      Банк Сауалнамаға қоса берілген құжаттар мен ақпараттың шынайлығына, сондай-ақ уәкілетті органға Сауалнама қаралуына байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уақтылы берілуіне жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың ат-атымен тізбесі және әрқайсысының парақтары көрсетілсін)

      Басқарма Төрағасы                     ________________
                                                (қолы)

      Директорлар кеңесінің Төрағасы        ________________
                                                (қолы)

      мөр";

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                   реттеу мен қадағалау агенттігінің
                                     2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58
                                         қаулысына 2-қосымша

                                   "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
                                    пруденциалдық нормативтер есеп
                                    айырысуларының нормативтiк мәнi
                                   мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
                                              13-қосымша

   Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің есебі
                     туралы мәліметтер
                                                (мың теңге)

N
р/р

Компоненттің атауы

Секьюритилен-
діру мәмілесін
жүзеге асыру
алдындағы соңғы
есепті күндегі
мән

Секьюритилен-
діру мәміле-
сін жүзеге
асырғаннан
кейінгі мән

1

1-ші деңгейдегі капитал



2

2-ші деңгейдегі капитал



3

Меншікті капитал есебіне енгізілетін 3-ші деңгейдегі
капитал



4

Инвестициялар



5

Меншікті капитал (инвести-
цияларды ескермегенде)



6

Банкпен ұсталынатын және Standard & Poor's агенттігі-
нің "В+"-дан және одан төмен
халықаралық рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi
рейтингi немесе Standard &
Poor's агенттігінің ұлттық
шәкілі бойынша "kzВВ+"-дан
және одан төмен рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг-
тік агенттіктерінің бірінің
ұлттық шәкілі бойынша
осыған ұқсас деңгейіндегі
рейтингі бар не рейтингтік
бағасы жоқ секьюритилендіру
мәмілесі бойынша позициялар
сомасы

Х


7

Активтер



8

Бірінші деңгейдегі капитал-
дың жалпы сомасындағы
бірінші деңгейдегі капитал
үлесі шегінде алынған және
банк активтерінің (К1)
мөлшеріне, екінші деңгейде-
гі капитал бөлігіндегі
меншікті капитал есебіне
енгізілетін банк инвестиция-
ларын шегергендегі бірінші
деңгейдегі капиталдың
қатынасы



9

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып мөлшерленген активтер



9.1

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ААА"-дан "АА-" дейін
халықаралық рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi
рейтингi немесе Standard &
Poor's агенттігінің ұлттық
шәкілі бойынша "kzAАА"-дан
"kzАА-"дейінгі рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің
ұлттық шәкіл бойынша осыған
ұқсас деңгейіндегі рейтингі
бар секьюритилендіру мәміле-
сі бойынша позициялар сомасы

Х


9.2

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің
"А+"-дан "А-" дейін
халықаралық рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi
рейтингi немесе Standard &
Poor's агенттігінің ұлттық
шәкілі бойынша "kzA+"-дан
"kzА-" дейінгі рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің
ұлттық шәкіл бойынша осыған
ұқсас деңгейіндегі рейтингі
бар секьюритилендіру мәміле-
сі бойынша позициялар сомасы

Х


9.3

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ВВВ+"-
дан "ВВВ-" дейін халықаралық
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzВВВ+"-дан "kzВВВ-" дейін
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттікте-
рінің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


9.4

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген
банкпен ұсталынатын және
Standard & Poor's агентті-
гінің "ВВ+"-дан "ВВ-"дейін
халықаралық рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi
рейтингi немесе Standard &
Poor's агенттігінің ұлттық
шәкілі бойынша "kzВВ+"-дан
"kzВВ-" дейін рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің
ұлттық шәкіл бойынша осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі
бар секьюритилендіру мәміле-
сі бойынша позициялар сомасы

Х


10

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген шартты
және ықтимал міндеттемелер,
оның ішінде:



10.1

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген
банкпен ұсталынатын және
Standard & Poor's агенттігі-
нің "ААА"-дан "АА-" дейін
халықаралық рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi
рейтингi немесе Standard &
Poor's агенттігінің ұлттық
шәкілі бойынша "kzAАА"-дан
"kzАА-" дейінгі рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің
ұлттық шәкіл бойынша осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі
бар секьюритилендіру мәміле-
сі бойынша позициялар сомасы

Х


10.2

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "А+"-дан
"А-" дейін халықаралық
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzA+"-дан "kzА-" дейінгі
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттіктері-
нің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


10.3

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ВВВ+"-
дан "ВВВ-" дейін халықаралық
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzВВВ+"-дан "kzВВВ-" дейін
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттіктері-
нің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


10.4

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ВВ+"-
дан "ВВ-" дейін халықаралық
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzВВ+"-дан "kzВВ-" дейін
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттіктері-
нің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


11

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген туынды
қаржы құралдары, оның
ішінде:



11.1

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ААА"-дан "АА-" дейін
халықаралық рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттiктерінiң бiрiнiң
осыған ұқсас деңгейіндегi
рейтингi немесе Standard &
Poor's агенттігінің ұлттық
шәкілі бойынша "kzAАА+"-дан
"kzАА-" дейінгі рейтингтік
бағасы немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің
ұлттық шәкіл бойынша осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі
бар секьюритилендіру мәміле-
сі бойынша позициялар сомасы

Х


11.2

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "А+"-дан
"А-" дейін халықаралық
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzА+"-дан "kzА-" дейінгі
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттіктері-
нің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


11.3

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ВВВ+"-
дан "ВВВ-"дейін халықаралық
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzВВВ+"-дан "kzВВВ-"дейін
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтингттік агенттік-
терінің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


11.4

Кредиттік тәуекелді ескере
отырып, мөлшерленген банкпен
ұсталынатын және Standard &
Poor's агенттігінің "ВВ+"-
дан "ВВ-" дейін халықаралық
рейтингтік бағасы  немесе
басқа рейтинг агенттiктері-
нiң бiрiнiң осыған ұқсас
деңгейіндегi рейтингi немесе
Standard & Poor's агенттігі-
нің ұлттық шәкілі бойынша
"kzВВ+"-дан "kzВВ-" дейін
рейтингтік бағасы немесе
басқа рейтинг агенттіктері-
нің бірінің ұлттық шәкіл
бойынша осыған ұқсас деңгей-
дегі рейтингі бар секьюрити-
лендіру мәмілесі бойынша
позициялар сомасы

Х


12

Екінші деңгейдегі капитал
есебіне енгізілмеген жалпы
резервтердің (провизиялар-
дың) сомасына кемітілген,
кредиттік тәуекелдің деңгейі
бойынша мөлшерленген актив-
тердің, шартты және мүмкін
міндеттемелердің жиынтығы



13

Ерекше проценттік тәуекел
сомасы



14

Жалпы проценттік тәуекел
сомасы



15

Сыйақы ставкасының өзгеруі-
мен байланысты рыноктық
тәуекел жиынтығы



16

Нарықтық құнның өзгеруімен
байланысты ерекше тәуекел
сомасы



17

Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты жалпы тәуекел сомасы



18

Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты рыноктық тәуекел жиынтығы



19

Айырбастау бағамының өзге-
руіне байланысты рыноктық
тәуекел сомасы



20

Рыноктық тәуекелді ескере отырып, есептелген активтер және шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер жиынтығы 



21

Операциялық тәуекел сомасы



22

Рыноктық тәуекелді, опера-
циялық тәуекелді (К2) ескере
отырып, есептелген екінші
деңгейдегі капиталдың,
активтердің және шартты және
мүмкін талаптар мен міндет-
темелер есебіне енгізілме-
ген, жалпы резервтердің
(провизиялардың) сомасына
кемітілген, кредиттік тәуе-
келдің деңгейі бойынша
мөлшерленген активтердің,
шартты және мүмкін міндетте-
мелердің сомасына меншікті
капиталдың қатынасы



        Басшы:       ___________________       ________________
                     (тегі және аты)             (қолы)
      Бас бухгалтер: _________________       ________________
                      (тегі және аты)            (қолы)
      Орындаушы: ________________________  _________ ______________
                (лауазымы, тегі және аты)    (қолы) (телефон нөмірі)
      Қол қойған күні    200_жылғы  "___" _______.
      мөрі ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады