"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 380 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 24 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5266 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 106 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.02.22 № 106 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес келтіру мақсатында, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты» мемлекеттік мекемесінің қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 5 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі N 265 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4968 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 16 қарашадағы N 176 (1379) жарияланған)бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауында және барлық мәтінінде:
      "Қостанай заң институты" деген сөздер "Академия" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау үлгі ережелерін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелерін" деген сөздерге ауыстырылсын;

      Аталған бұйрықпен бекітілген ҚАЖ комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережелерінде:
      барлық мәтінінде:
      "Институт" деген сөз "Академия" деген сөзге ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      "(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 22 сәуірде N 1118 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 92-93 жарияланған), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелеріне)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2008 жылғы 28 қаңтарда N 5115 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2008 жылғы 22 ақпандағы N 28 (1428) жарияланған), деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің ережелеріне сәйкес әзірленді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 14 сәуірде N 2804 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының Бюллетенінде 2004 жыл, N 21-24, 926-құжат жарияланған)" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта "жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік" деген сөздер "жалпы орта, техникалық, кәсіптік және жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шетел азаматтары Академияға Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.";

      5-тармақта:
      "жалпы орта, бастауыш немесе орта кәсіптік" деген сөздер "жалпы орта, техникалық және кәсіптік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кәсіптік" деген сөз алынып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілеріне; бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілеріне (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі); ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) қатыспай, халықаралық алмасу жүйесі бойынша оқыған жалпы орта мектептердің түлектеріне; өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілеріне, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының бітірушілеріне, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
      Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен Академия бекітілген тестілеуді өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
      Ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия).";

      7-тармақта "кәсіби" деген сөз алынып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат Академияның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы растайтын аттестатты немесе дипломды (түпқұжат);
      бюджет қаржыландыру арқылы ақысыз жоғары білім алуға құқығын растайтын құжатты;
      тестілеуге төлем жасағаны туралы түбіртекті;
      3x4 мөлшерлі екі фотосуретті, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ұсынады.
      Жоғары аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін қабылдау комиссиясы талапкерге кешенді тестілеуге қатысу үшін рұқсатнамасын береді.
      Шетел тілінде ұсынылған құжаттардың қазақ немесе орыс тілінде ноториалдық түрде расталған аудармасы болуы керек.
      Білім беретін шетел ұйымдарымен берілген білім беру туралы диплом белгілеген тәртіппен нострификациялануы керек.";

      17-тармақта:
      1-абзацта "жалпы" деген сөз жойылсын;
      3 және 8 абзацтарда "қазақ немесе орыс тілі" деген сөздерден кейін "(оқыту тілі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақта "30" деген цифр "25" деген цифрге ауыстырылсын;

      19-тармақта "3 астрономиялық сағат" деген сөздер "2 сағат 30 минут" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Кешенді тестілеу нәтижелерін оның өткізілген күнінде мемлекеттік комиссиямен жарияланады.
      Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің хаттама ресімдеу арқылы тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.";

      23-тармақта "тәулік" деген сөз "күнтізбелік күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Академияның тыңдаушылар қатарына қабылдау мандаттық комиссияның ашық отырысында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      Конкурс ҰБТ нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдар мен кешенді тестілеу нәтижелері, сондай-ақ медициналық, психофизиологиялық, дене көрсеткіштері мен мамандықтары бойынша жеке іріктеу нәтижелерін есепке алып және ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіптемеге сәйкес ҚАЖ комитетіне, ҚАЖ комитетінің аумақтық басқармаларына бөлінген қабылдау орындарының негізінде жүргізіледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. ҰБТ сертификаты немесе кешендік тестілеу балдарына сәйкес Академия тыңдаушылары қатарына қабылдау конкурсын өткізуде келесі талапкерлердің артықшылық құқықтары бар:
      - "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылар;
      - соңғы үш жыл ішінде жалпы білім алу пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми сайыстардың (I, II, III дәрежелі) жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдық жылдың жеңімпаздары кіреді, олар өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, ғылыми жарыстардың пәніне сәйкес болуы шарт.
      Халықаралық және республикалық олимпиадаларды, ғылыми жарыстарды дайындау мамандықтары мен пәндері бекітілген тізбеге сәйкес болу қажет.";

      45-тармақта:
      "сертификат" деген сөзден кейін ", ҰБТ немесе кешендік тестілеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "алғандар, профильдік пән бойынша аса жоғары балл" деген сөздер алынып тасталсын;

      2. ҚАЖ комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми түрде жарияланған күнінен он
күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                     3. Балиева

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _______________Ж. Түймебаев
      2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады