Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 141 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5362 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және " Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы  2 қазанда ғы N 141
қаулысына қосымша     

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық
актілер тізбесі

      1. Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2547 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2547 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2805 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1007 бет).
      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналармен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібімен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 394 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3403 тіркелген).
      4. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3699 тіркелген) 1-тармағы.
      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру ұйымдарының - "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 180 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4849 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылдың 29 тамыздағы N 132 (1161) жарияланған).

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен      
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 2 қазандағы N 141  
қаулысымен бекітілген     

Сақтандыру ұйымдарының – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже

      Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына сәйкес жасалды және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - қатысушы сақтандыру ұйымдары) міндетті, қосымша жарналардың, шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу тәртібін айқындайды.

1-тарау. Міндетті жарналардың ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Міндетті жарналар ставкасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі - Қор) жыл сайын барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары үшін кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша өткен қаржы жылындағы орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері негізінде айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарна ставкасы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде) = (СТММ*2*СТЖМӨК+КТ-КР)/(СС* ССЖМӨК)*100,
      мұнда:
      СТММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының арасында кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен бес қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшерінің орташа мәні;
      СТЖМӨК - соңғы бес жылдағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдері жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      СТЖМӨК =(n кезеңіндегі СТ/n-1 кезеңіндегі СТ) сомасы)/5,
      мұнда:
      СТ - кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы;
      КТ – аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы, ол мына формула бойынша есептеледі:
      КТ = ОСТ – НТ,
      мұнда:
      ОСТ – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімді қабылдау күнінің алдындағы қаржы жылына есептелген, аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары жүзеге асырған сақтандыру төлемдердің орташа мәні;
      НТ – Қор аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша жүзеге асырған кепіл төлемдерінің нақты сомасы (өсу жиынтығымен);
      КР - аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС)сомасы)/5,
      мұнда:
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29. N 260; өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      3. Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна ставкасын Қор есептейді және 0,5 пайыздан кем емес пен мыналарды:
      кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 2 (екі) пайызынан астам еместі;
      аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша осы Ереженің 2-тармағының он бірінші абзацына сәйкес есептелген күтілетін кепіл төлемдерінің сомасы 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден асқан жағдайда, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 3 (үш) пайызынан астам еместі құрайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29. N 260; өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      4. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпарат береді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде міндетті жарналар ставкасын есептейді, уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына мәлімет үшін жібереді.
      Қатысушы сақтандыру ұйымдарының жасаған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпарат берген жағдайда, Қор міндетті жарналар ставкасын түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар ставкасы азайған жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналар есебіне есептейді. Міндетті жарналар ставкасы ұлғайған жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша есептелген сомаларды төлейді.
      Қатысушы сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген) қаулысымен бекітілген пруденциялық нормативтерді және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзған жағдайда, осындай қатысушы сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарналар ставкасы:
      1-ден 3 бұзушылыққа дейін – 0,1 пайызға;
      4-тен 7 бұзушылыққа дейін – 0,3 пайызға;
      8-ден және одан көп бұзушылыққа – 0,4 пайызға ұлғайтылады.
      Осы Ереженің 3-тармағында белгіленген талаптар міндетті жарна ставкасының ұлғаюына қолданылмайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Міндетті жарна сомасын есептеуді қатысушы сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына міндетті жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын шегере отырып) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      7. Міндетті жарналар төлеуді қатысушы сақтандыру ұйымдары әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей дербес жүргізеді.

2-тарау. Қосымша міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есебін жүргізу тәртібі

      8. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қосымша жарналардың ставкасын жыл сайын Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарымен жүйелі басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының көлік оқиғалары жөніндегі статистикалық деректері негізінде анықтайды.
      9. Ағымдағы қаржы жылына қосымша жарналар ставкасы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формулада айқындалады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде) = ((КС * 2* ВС + КТ * 2 * ВТ)/ (ССММ*N*ССЖМӨК) ) * 100 мұнда:
      КС – көлік оқиғасы болған жерден жасырынып қашып кеткен және зардап шегушіге зиян келтірген жауапты тұлға анықталмай қазаға душар болған соңғы үш жыл ішіндегі жол-көлік оқиғаларының орташа саны;
      КТ – көлік оқиғасы болған жерден жасырынып қашып кеткен және зардап шегушіге зиян келтірген жауапты тұлға анықталмай ауыр дене жарақаттарына душар болған соңғы үш жыл ішіндегі жол-көлік оқиғаларының орташа саны;
      ВС - зардап шегушінің өміріне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлем мөлшерінің және Қордың Директорлар кеңесінің ағымдағы қаржы жылына белгілеген жерлеу шығыстарының шегі;
      ВТ – Қордың Директорлар кеңесінің ағымдағы қаржы жылына белгілеген зардап шегушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлем мөлшерінің шегі;
      ССММ - барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішіндегі еткен қаржы жылына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      N - қатысушы сақтандыру ұйымдарының саны;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС) сомасы)/5,
      мұнда:
      СС - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы .
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      10. Осы Ереженің 9-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарна ставкасын Қор есептейді және ол азаматтық-құқықтық жауапкершілікті кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 пайызынан төмен және 3 пайызынан жоғары болмайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      11. Барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты Қорға жібереді.
      12. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде қосымша жарналардың ставкасын есептейді, уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде мәлімет үшін жібереді.
      Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасаған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат берген жағдайлар анықталған жағдайда, Қор қосымша жарналар ставкасына түзету жасайды. Қор қосымша жарналар ставкасы азайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша ағымдағы қаржы жылы үшін қатысушы сақтандыру ұйымдары болашақ жарналарды төлеуі есебінен артық төленген сомаларды есептейді немесе артық төленген сомаларды сақтандыру ұйымдарына қайтарады. Қосымша жарналар ставкасы өскен жағдайда қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде есептелмеген сомаларды төлейді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қосымша жарналардың мөлшерін есепті тоқсан ішінде есептелген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасына қосымша жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.
      14. Қосымша жарналарға төлемді осы Ереженің 7-тармағына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымдары жасайды.

3-тарау. Шартты міндеттемелер ставкасы есебінің әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі

      15. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушы сақтандыру ұйымдары Қор алдындағы өз шартты міндеттемелерін қалыптастырады және оның есебін жүргізеді.
      16. Шартты міндеттемелер ставкасын Қор өткен қаржы жылы үшін Қордың барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарындағы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша айлық сақтандыру төлемдерінің барынша жоғары мөлшері негізінде жыл сайын анықтайды.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелер ставкасы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде) = (СТММ*2*СТЖМӨК+КТ-КР)/(СС*ССЖМӨК)*100,
      мұнда:
      СТММ – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының арасында кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен бес қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшерінің орташа мәні;
      СТЖМӨК - соңғы бес жылдағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдері жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      СТЖМӨК =(n кезеңіндегі СТ/n-1 кезеңіндегі СТ) сомасы)/5,
      мұнда:
      СТ - кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы;
      КТ – аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша кепіл төлемдерінің күтілетін сомасы, ол мына формула бойынша есептеледі:
      КТ = ОСТ – НТ,
      мұнда:
      ОСТ – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімді қабылдау күнінің алдындағы қаржы жылына есептелген, аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары жүзеге асырған сақтандыру төлемдердің орташа мәні;
      НТ – Қор аяқталған қаржы жылының соңында мәжбүрлеп тарату процесіндегі қатысушы сақтандыру ұйымдары бойынша жүзеге асырған кепіл төлемдерінің нақты сомасы (өсу жиынтығымен);
      КР - аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС)сомасы)/5,
      мұнда:
      СС – барлық қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті сақтандырудың әр түрі бойынша аяқталған қаржы жылына есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29. N 260; өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      18. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкес анықталатын Қордың есептейтін шартты міндеттемелер ставкасы өткен қаржы жылындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 пайызынан төмен және 4 пайызынан жоғары болмайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде шартты міндеттемелер ставкасын есептейді, уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде мәлімет үшін жібереді.
      Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасаған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат берген фактілер анықталған жағдайда, Қор шартты міндеттемелер ставкасына түзету жасайды.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Қатысушы сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелер мөлшерін есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына шартты міндеттемелер ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      21. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық есеп беруінде ескеріледі және есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын көрсетіліп отырады.
      22. Шартты міндеттемелер қатысушы сақтандыру ұйымының қалыптасқан сомасы осы ұйымның кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен жағдайда (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есептелмейді.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

4-тарау. Төтенше жарналар төлеудің тәртібі мен мерзімдері

      23. Қатысушы сақтандыру ұйымдары төтенше жарналарды "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 3 маусымдағы Заңымен белгіленген жағдайда және мөлшер бойынша төлейді.
      24. Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға төтенше жарналар төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жасалады. Төтенше жарналар төлеу туралы хабарламада қатысушы сақтандыру ұйымы төлеуі қажет төтенше жарна мөлшері жазылуы тиіс.
      25. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу қажеттілігін белгілеген жағдайда, қатысушы сақтандырушы ұйым төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді.
      26. Қатысушы сақтандыру ұйымы Қорға төтенше жарналар төлеген жағдайында осы қатысушы сақтандыру ұйымының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналар сомасына азайтылады.
      27. Қатысу шарты тараптарының келісімі бойынша қатысушы сақтандыру ұйымының шартты міндеттемелері еріксіз таратылатын қатысушы сақтандыру ұйымының сақтанушымен жасалған міндетті сақтандыру шарты еріксіз таратылатын қатысушы сақтандыру ұйымымен жасалған міндетті сақтандыру шарты жасалған жағдайда аяқталмаған қолданылу мерзіміндегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылады. Мұндай жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарына қабылданған сақтандыру шарттары үшін өтемақы төлемейді.

5-тарау. Қорытынды ереже

      28. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады