Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 148 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5365 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 67 (24377) жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4667 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он терт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру коры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 2 қазандағы N 148
қаулысымен бекітілген

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Нұсқаулық "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерін инвестициялауды жүзеге асыруды нақтылайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың активтерін инвестициялаудың мақсаты мыналар болып табылады:

      1) Қордың активтерін сақтау және оларды ұлғайту;

      2) Қор активтерінің өтімділігін жеткілікті деңгейде сақтау;

      3) Тәуекелдердің деңгейі темен болғанда Қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету.

      2. Қор активтерін инвестициялау соның шегінде жүзеге асырылатын инвестициялық стратегия Қордың директорлар кеңесімен белгіленеді жэне бекітіледі.

      3. Қор өз активтерін инвестициялауды дербес жүзеге асырады не Қор активтерін ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына тапсырады.

      4. Қор активтерін инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына тапсырған кезде инвестициялық портфельді басқарушы Қордың активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды Қор активтерінің шегінде және инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шарттың негізінде, осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі

      5. Қордың активтерін дербес орналастырған жағдайда, инвестициялау Қордың мынадай ішкі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қор активтеріне және инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі;

      2) Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      3) деректердің толықтығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылаудың тәртібі.

      6. Қор активтерін дербес орналастырған жағдайда Қор активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық комитетпен қабылданған инвестициялық шешімдерді қабылдауға арналған ұсынымдардың (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.

      Функцияларына Қор активтеріне қатысты шешімдер қабылдау кіретін инвестициялық комитеттің құрамына Қордың директорлар кеңесінің құрамынан, Қор басқармасынан, Қордың басшы қызметкерлерінің қатарынан кемінде үш адам кіреді. Осы комитеттің құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметкер (ол бар болса) кіреді. Инвестициялық комитеттің шешімдері оның отырысына қатысқан қызметкерлердің дауыстарының көпшілігімен қабылданып, жазбаша түрде ресімделеді.

      Функцияларына Қор активтеріне қатысты шешімдер қабылдау кіретін инвестициялық комитет мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) тәуекел көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді;

      2) жоғары тәуекелді қаржы құралдарына, оның ішінде қаржы құралдары рыногындағы бағалардың қатты ауытқуына байланысты, шамадан артық инвестициялауды болдырмау бойынша шұғыл процедураларды белгілейді.

      7. Қор активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі мыналарды қамтиды:

      1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі:

      Қор активтері портфелінің жай-күйін талдау;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалған қаржы құралдары айналасының шарттарын және кірістілігін талдау;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;

      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауын талдау;

      ұсынымдарды беру үшін маңызды өзге факторларды талдау;

      2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркеу тәртібі;

      3) инвестициялық комитетке кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      4) инвестициялық комитеттің инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.

      8. Инвестициялық комитеттің ұсынымдарына мыналар кіреді:

      1) ұсыным берілген күні және нөмірі;

      2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;

      4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;

      5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары.

      9. Инвестициялық шешімде мыналар болуы тиіс:

      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;

      2) соның негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) жасалуға жататын мәміленің түрі;

      4) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралының бірегейлендіргіші;

      5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);

      6) мәміле жасау мерзімдері;

      7) мәміле жасалуы болжамдалған рыноктың (бастапқы немесе қайталама) түрін көрсету;

      8) мәміленің жасалуы оның көмегі арқылы болжамдалатын брокердің (осындай болған жағдайда) атауы;

      9) мәміленің жасалуы оның активтері есебінен болжамдалатын ұйымның атауы;

      10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолдары.

      10. Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуын бақылау тәртібі мыналарды қамтиды:

      1) оның көмегімен Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасау болжамдалып отырған брокермен (осындай болған жағдайда) әрекеттесу тәртібі;

      2) Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      3) Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасасуға бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) ішкі есеп пен құжат айналымын жүргізу тәртібі.

      11. Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін Қор мыналарды есепке алу және тіркеу журнал(дар)ын жүргізеді:

      мәміле жасауға тапсырыстарды;

      орындалған және орындалмаған мәмілелерді;

      банк салымы шарттарын.

      Осы аталған журналдармен қатар Қор, қажет болған жағдайда, басқа қосымша есепке алу журналдарын жүргізеді.

      12. Деректердің толықтығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар қамтылған:

      1) құпиялы санатына жататын ақпараттың тізбесі;

      2) құпия ақпаратты қамтыған құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;

      3) құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;

      4) деректердің электронды массивтерінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі.

3-тарау. Қор активтерін инвестициялау тәртібі

      13. Бағалы қағаздармен қайталама рыноғындағы Қор мәмілелері, қор биржасымен делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сатуды қоспағанда, Қормен ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалады.

      14. Қор активтерінің қатысуымен ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.

      15. "Кері репо" мәмілелері Қор активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен отыз күннен аспайтын мерзімге және автоматты тәсілмен ғана жасалады.

      16. Егер қандай да бір жағдайлардың нәтижесінде Қор активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Қор осындай сәйкессіздікті күшейтетін активтерді орналастыруды дереу тоқтатады және бір күннің ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы сәйкессіздік фактісі және себептері туралы хабарлайды, сондай-ақ екі жұмыс күні ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады және анықталған бұзушылықты іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жояды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Қор биржасының борыштық бағалы қағазды (рейтингтік бағасының барынша темен деңгейі жоқ) делистингке ұшырату не борыштық бағалы қағаздың кредиттік рейтингісінің барынша төмен деңгейінен төмендеген жағдайында, Қор ондай бағалы қағаздарды жоғарыда аталған оқиғаның басталу күнінен бастап бір жыл ішінде сатады. Оны сатуға мүмкіндік болмаған жағдайда Қор сондай бағалы қағаздарды өтелу мерзіміне дейін ұстап қалуы туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      18. "Standard & Рооr's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті органмен "Мооdу's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары да танылады.

      19. Қор өз активтерінің бөлігін мынадай қаржы құралдарына:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға;

      2) мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:

      банктердің Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Рооr's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ"-ден төмен емес рейтингілік бағасы бар;

      банктер Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" санатынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес бас банктердің еншілес резидент - банкі болып табылады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 01.01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 01.01.2014 дейін қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ"-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының облигацияларына;

      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған ақша);

      5) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға орналастыруды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына Қордың активтерін жиынтық орналастыруы Қор активтерінің сексен пайызынан кем емес болады.

      Қор активтерін инвестициялау мөлшері инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалатын инвестициялық стратегияда белгіленеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық портфельді басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдарды (депозиттерді) және Қор активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.

      Қордың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға берген кезде Қор айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бір айда бір реттен кем емес, өзінің есепке алу жүйесі деректерінің инвестициялық портфельді басқарушының және Қор активтерінің есебі мен сақталуын жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкес келуіне үш жақты салыстырып тексеру жүргізеді.

      Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша мынадай ақпарат:

      ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсетіп, бағалы қағаздардың саны (данамен) туралы;

      банктердің атауын, салымдар сомасын, банк салымдары шарттарының жасалу күндері мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;

      теңгемен және шетел валютасында инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы;

      қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;

      қаржы құралдарының ағымдағы құны туралы;

      әр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;

      көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;

      инвестициялық шоттардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты;

      инвестициялық қызметке қатысты өзге мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісі жасалады.

      Салыстырып тексеру актісіне Қордың, инвестициялық портфельді басқарушының және кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қолы қояды және ол осы ұйымдардың мөр таңбасымен расталады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Қордың қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері мынадай мәндерден:

      1) екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға ("кері репо" операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 01.01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 01.01.2014 дейін қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің бес пайызынан астам, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;

      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;

      4) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе бір мемлекеттің басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам;

      5) Қор активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері - Қор активтерінің он пайызынан астам аспайды.

      Қор активтерін облигацияларға жиынтық орналастыруы бір эмиссияның жалпы облигациялары көлемінің жиырма бес пайызынан аспайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Қор активтерін құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдарына инвестициялау жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. Нұсқаулық 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады