"Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 22-226қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 22-1507қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 11 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 560 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 06-526қ қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.05.28 N 06-526қ қаулысымен

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 22-226қ қаулысына (Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 508 болып енгізілді, "Астана ақшамы" газетінің 2008 жылы 3 сәуірдегі N 42 саны) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      барлық мәтін бойынша "Департамент", "Департаменттің" деген сөздер "Басқарма", "Басқарманың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      стандарттың 14-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 723-бөлме, телефон 556875.";
      стандарттың 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Құжаттарды қабылдаған уәкілетті қызметкер барлық қажетті құжаттарды алғаны және ол орындаған қызметтерді алу күні туралы өтініш иесіне анықтама береді.";
      қаулыға қосымшаның 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Анықтама беруді басқарманың арнайы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің қызметкері Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 723-бөлмеде, телефоны 556875 бойынша күн сайын қабылданған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
      Анықтама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
      Анықтама өтініш иесі жеке өзі келгенде беріледі.
      Егер өтініш иесі құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда Басқарма берілген анықтамалар мен қаралған құжаттарды мерзімсіз сақтауды жүзеге асырады.".
      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Әкім                                  И. Тасмағамбетов

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 18 февраля 2008 года № 22-226п "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Выдача справок решения совета опеки и попечительства для сделок, затрагивающих интересы несовершеннолетних детей, являющихся собственниками жилища"

Постановление акимата города Астаны от 30 декабря 2008 года N 22-1507п. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 11 февраля 2009 года N 560. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 28 мая 2009 года N 06-526п

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 28.05.2009 N 06-526п

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 558 "Об утверждении Типового стандарта оказания государственной услуги" и в целях повышения качества оказания государственных услуг акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 18 февраля 2008 года № 22-226п "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Выдача справок решения совета опеки и попечительства для сделок, затрагивающих интересы несовершеннолетних детей, являющихся собственниками жилища" (№ 508 в Реестре государственной регистрации от 13 марта 2008 года, газета "Вечерняя Астана" № 37 от 1 апреля 2008 года) следующие изменения и дополнения:
      по всему тексту слова "Департамент", "Департамента" заменить словами "Управление", "Управления";
      пункт 14 стандарта дополнить абзацем следующего содержания:
      "Место оказания услуги: город Астана, улица Бейбитшилик, 11, кабинет 723, телефон 556875.";
      пункт 15 стандарта изложить в следующей редакции:
      "15. Уполномоченный сотрудник, принявший документы, выдает справку заявителю о получении всех необходимых документов и дате получения им исполненной услуги.";
      пункт 16 стандарта изложить в следующей редакции:
      "16. Выдача справки осуществляется сотрудником отдела специального дополнительного образования и воспитательной работы Управления ежедневно на основании принятых документов по адресу: город Астана, улица Бейбитшилик, 11, кабинет 723, телефон 556875.
      Выдача справки посредством электронной почты, сайта не осуществляется.
      Справка выдается при личном посещении.
      В случаях, если заявитель не обратился за получением документов в срок, Управление осуществляет бессрочное хранение выданных справок и рассмотренных документов.".
      2. Государственному учреждению "Управление образования города Астаны" обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Акима города Астаны Рахимжанова А.М.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

       Аким                                         И. Тасмагамбетов