"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы N А-5/234 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 9 шілдеде N 3254 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы әкімдігінің әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі 

    Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
N A-5/234 қаулысымен
Бекітілген    

"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік қызмет шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тәртібін белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің пішіні: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабындағы 2) тармақшасы мен Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, "б"-корпусы мекенжайында орналасқан "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" (бұдан әрі- Басқарма) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, ресми сайты: ғғғ.akmo.kz.
      5. Аумақта таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою жөнінде берілген анықтама мемлекеттік қызметтің аяқталу пішіні болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының аумағында оның меншік иесімен және басып шығарушысымен жасалған шарт немесе басқа заңды негіздер бойынша шетелдік БАҚ өнімін таратуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) тұтынушының жазбаша өтінішін тіркеген уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету - 15 күннің ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күту уақытының ең ұзақ мерзімі - 40 минут;
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезек күту уақытының ең ұзақ мерзімі - 40 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету www.akmo.kz ресми сайтта орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызмет күнделікті, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндері - демалыс. Үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Азаматтарды қабылдау бөлмесі қызмет тұтынушыларымен жұмыс жүргізу үшін бейімделген, мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған, тосу және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалған. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) жеке таратушы-тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
      3) заңды таратушы-тұлға (филиал немесе өкілеттілік) үшін - заңды тұлғаның (филиалдың немесе өкілеттіліктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу жөніндегі куәлігінің көшірмесі.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, "б" корпусы, 342-бөлме мекенжайы бойынша Басқарманың ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторинг бөлімімен берілетін өтініш толтырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініш пен басқа құжаттар Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, "б" корпусы, 342-бөлме мекенжайы бойынша Басқарманың ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторинг бөліміне тапсырылады.
      15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының аталған мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон алады.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетудің әдісі - жеке бару.
      17. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болады:
      1) Осы стандарттың 12-тармағымен қарастырылған барлық қажетті құжаттар ұсынылмаса;
      2) Осы стандарттың 12-тармағымен қарастырылған құжаттарда ақпараттың толық болмауы немесе дәйекті көрсетілмеуі;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуға, соғысқа, әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық және рулық артықшылықты, зұлымдық пен озбырлық, порнографиялық үгіттеу немесе насихаттау мазмұнында болса;
      4) егер бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты аталған қызмет түрімен айналысуына соттың шешімімен тыйым салынған болса;
      5) егер шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты оларды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу жөнінде соттың шешімі болса. 

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Басқарманың қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
      1) дәйекті және толық ақпарат беру;
      2) сыпайылық;
      3) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) тұтынушы құжаттарының мазмұны мен ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Басқарманың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні арнайы құрылған жұмыс тобымен жыл сайын бекітіледі. 

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, "б" корпусы, 342-бөлме мекенжайы бойынша Басқармада жүргізіледі.
      22. Арыздар Басқарма бастығының атына беріледі.
      23. Әкімшілік бөлімімен берілетін, тіркеу журналында тіркелген, аталған арызға жауап алу орны көрсетілген талон арыздың қабылданғанын куәландыратын құжат болып табылады. 

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін Басқарма басшысының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
      1) Басқарманың бастығы: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, "б" корпусы, 338-бөлме, телефоны: 8 (7162) 25-20-80, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі ас мерзімі 12.30-дан 14.00-ге дейін, қабылдау кестесі: жұма күндері сағат 15.00-ден сағат 17.00-ге дейін;
      2) Басқарма бастығының орынбасары: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, "б" корпусы, 338-бөлме, телефоны: 8 (716 2) 25-20-80, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі ас уақыты: 12.30-дан 14.00-ге дейін, қабылдау кестесі: жұма күндері сағат 15.00-ден сағат 17.00-ге дейін;
      3) Ақмола облысының әкімдігі: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, ғғғ.akmo.kz. сайты.

"Шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарын есепке қою" 
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша  

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95

95

90

1.2. Қызмет алуды 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85

85

80

2. Сапасы

2.1. Қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

90

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген
жағдайдың
(жүргізілген төлемдер,
есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

95

95

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті
ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

88

3.2. тұтынушылардың дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

80

82

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

0,1

0,1

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі  бойынша қызмет
көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5

0,1

0,1

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және
қанағаттандырылған негізделген
шағымдардың % (үлесі)

100

0,1

0,1

4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

90

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

87

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

90

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Постановка на учет иностранных средств массовой информации"

Постановление акимата Акмолинской области от 13 июня 2008 года N А-5/234. Зарегистрировано департаментом юстиции Акмолинской области 9 июля 2008 года N 3254. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 2 апреля 2010 года № а-4/103

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 02.04.2010 № а-4/103

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 561 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам" акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Утвердить прилагаемый стандарт оказания государственной услуги "Постановка на учет иностранных средств массовой информации".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бекмагамбетова Г. М.
      3. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области

       Утвержден       
      постановлением акимата 
      Акмолинской области   
      от 13 июня 2008 года N А-5/234

Стандарт
оказания государственной услуги «Постановка на учет
иностранных средств массовой информации» 1. Общие положения

      1. Данная государственная услуга определяет порядок постановки на учет иностранных средств массовой информации (далее - государственная услуга).
      2. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      3. Государственная услуга оказывается на основании подпункта 2) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации", постановления Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2002 года N 843 "Об утверждении Правил учета иностранных средств массовой информации, распространяемых в Республике Казахстан".
      4. Государственную услугу оказывает государственным учреждением "Управление внутренней политики Акмолинской области" (далее - Управление), находящееся по адресу: Акмолинская область, город Кокшетау, улица Сатпаева, 1, корпус "б", официальный сайт: www.akmo.kz.
      5. Формой завершения государственной услуги является выдача справки об учете иностранного средства массовой информации, распространяемого на территории.
      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам, осуществляющим распространение продукции иностранных СМИ на территории Республики Казахстан по договору с ее собственником, издателем или на иных законных основаниях (далее - потребитель).
      7. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента регистрации письменного обращения потребителя - в течение 15 календарных дней;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов - 40 минут;
      3) максимальное допустимое время ожидания в очереди при получении документов - 40 минут.
      8. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      9. Стандарт оказания государственной услуги размещен на официальном сайте: www.akmo.kz.
      10. Государственная услуга предоставляется  ежедневно с 09.00 до 18.30 часов, выходные дни - суббота, воскресенье и праздничные дни, перерыв на обед с 12.30 до 14.00 часов. Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      11. Помещение приема граждан приспособлено для работы с потребителями услуги, предусмотрены условия для людей с ограниченными физическими возможностями, условия для ожидания и подготовки необходимых документов.

2. Порядок оказания государственной услуги

      12. Для получения государственной услуги потребитель представляет следующие документы:
      1) заявление установленного образца;
      2) для физического лица-распространителя - копия документа, подтверждающего право на занятие предпринимательской деятельностью;
      3) для юридического лица (филиала или представительства) - распространителя - копия свидетельства о государственной (учетной) регистрации юридического лица (филиала или представительства).
      13. Для получения государственной услуги необходимо заполнить заявление, которое выдается отделом информационной политики и мониторинга средств массовой информации Управления, по адресу: город Кокшетау, улица Сатпаева 1, корпус "б", кабинет 342.
      14. Заявления и другие документы, необходимые для получения государственной услуги, сдаются потребителем специалистам отдела информационной политики и мониторинга средств массовой информации Управления по адресу: город Кокшетау, улица Сатпаева 1, корпус "б", кабинет 342.
      15. Потребитель после сдачи всех необходимых документов, получает талон, в котором содержится дата получения потребителем данной государственной услуги.
      16. Способ оказания государственной услуги - личное посещение.
      17. Основанием для отказа в предоставлении государственной услуги потребителю является:
      1) не предоставление всех необходимых документов, предусмотренных пунктом 12 настоящего стандарта;
      2) указание неполной или недостоверной информации в документах, предусмотренных пунктом 12 настоящего стандарта;
      3) если материалы средств массовой информации содержат пропаганду или агитацию насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики Казахстан, подрыва безопасности государства, войны, социального, сословного, религиозного, расового, национального и родового превосходства, культа жестокости, насилия и порнографии;
      4) если в отношении средств массовой информации имеется решение суда, запрещающее ему занятие данным видом деятельности;
      5) если в отношении продукции иностранных средств массовой информации имеется решение суда о наложении запрета на ее распространение на территории Республики Казахстан.

3. Принципы работы

       18. Деятельность Управления основывается на принципах:
      1) предоставление исчерпывающей и полной информации;
      2) вежливость;
      3) обеспечение сохранности информации;
      4) обеспечение защиты и конфиденциальности информаций и содержания документов потребителя.

4. Результаты работы

      19. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением к настоящему стандарту.
      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственных услуг, по которым оценивается работа Управления, ежегодно утверждаются специально созданными рабочими группами.

5. Порядок обжалования

      21. Разъяснение порядка обжалования действия (бездействия) уполномоченных должностных лиц производится в Управлении по адресу: город Кокшетау, улица Сатпаева 1, корпус "б", кабинет 342.
      22. Жалоба подается на имя начальника Управления.
      23. Документом, подтверждающим принятие жалобы, является талон, зарегистрированный в журнале регистрации, где указывается место получения ответа на данную жалобу.

6. Контактная информация

      24. Контактные данные руководителя Управления, оказывающего государственную услугу, его заместителя и вышестоящей организации:
      1) начальник Управления: город Кокшетау, улица Сатпаева, 1, корпус "б", кабинет 338, телефон: 8 (7162) 25-20-80, график работы: ежедневно с 9.00 до 18.30, обед с 12.30 до 14.00, график приема: по пятницам с 15.00 до 17.00 часов;
      2) заместитель начальника Управления: город Кокшетау, улица Сатпаева, 1, корпус "б", кабинет 338, телефон: 8 (7162) 25-20-80, график работы: ежедневно с 9.00 до 18.30, обед с 12.30 до 14.00, график приема: по пятницам с 15.00 до 17.00 часов;
      3) акимат Акмолинской области: город Кокшетау, улица Абая, 83, официальный сайт www.akmo.kz.

                                                                                                Приложение        
      к стандарту оказания    
      государственной услуги   
      "Постановка на учет иностранных
      средств массовой информации"

Значения показателей качества и доступности

Показатели качества и доступности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя
в последующем году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1. Своевременность 

1.1. % (доля) случаев
предоставления услуги в установленный срок с момента сдачи документа

95

95

90

1.2. % (доля) потребителей, ожидавших получения услуги в очереди не более 40 минут

85

85

80

2. Качество

2.1. % (доля) потребителей
удовлетворенных качеством процесса предоставления услуги

95

95

90

2.2. % (доля)
случаев правильно
оформленных
документов должностным лицом
(произведенных
начислений, расчетов и т.п.)

100

95

95

3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей удовлетворенных качеством информации о порядке предоставления услуги

90

90

88

3.2. % (доля) случаев
правильно заполненных документов и сданных с первого раза

80

80

82

3.3. % (доля) услуг, информации
о которых доступно
через Интернет

50

0,1

0,1

4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) обоснованных жалоб к общему количеству
обслуженных потребителей
по данной услуге

0,5

0,1

0,1

4.2. % (доля) обоснованных жалоб, рассмотренных и
удовлетворенных в
установленный срок

100

0,1

0,1

4.3. % (доля) потребителей, удовлетворенных с
существующим порядком
обжалования

90

90

90

4.4. % (доля) потребителей, удовлетворенных существующими сроками обжалования

90

90

87

5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных вежливостью персонала

90

90

90