"Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N а-5/295 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазандағы N А-7/453 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 28 қазанда N 3281 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № А-9/396 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      
      1. "Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N А-5/295 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде N 3260 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2008 жылғы 16 тамызда, "Арқа ажары" газетінде 2008 жылғы 16 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      атауы келесі редакцияда берілсін:
      "Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін бекіту туралы";
      1-тармағы келесі редакцияда берілсін:
      "1. Қоса берілген Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері бекітілсін";
      аталған қаулымен бекітілген Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерінде:
      атауы келесі редакцияда берілсін:
      "Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері";
      1-тармағы келесі редакцияда берілсін:
      "1. Осы Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру және оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелері (Бұдан әрі - Ережелер) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-4 бабына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі мен оларда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережелерін белгілейді".      
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысының әкімі                            А. Рау 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады