2009 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N а-10/523 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қаңтарда N 1-2-102 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск каласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі № а-3/195 қаулысымен

      Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск каласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі № а-3/195 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасын, 20 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 7, 8 тармақтарын негізге алып, жұмыс орнын іздеу барысында қиындық көретін жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін Степногорск қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, Степногорск қаласының ұйымдарында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде тіркеуде тұрған жұмыссыз адамдар үшін ақы төленетін қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын.
      2. 2009 жылғы Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде ұйымдар, ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлері және көлемінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) тіркелген күніне сәйкес жұмыссыздарды кезек тәртібімен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүзеге асырсын;
      2) бірінші кезекпен мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
      4. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарына қатысу мерзімі 6 ай болып белгіленсін.
      5. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджетінен ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      6. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ә-18/609 «2008 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-78 тіркелген, 2008 жылдың 10 қаңтарында № 2 (314) «Престиж» газетінде жарияланған);
      2) Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы № ә-6/231 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № ә-18/609 «2008 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-92 тіркелген, 2008 жылдың 18 шілдесінде № 25 (107) «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
      7. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.

Степногорск қаласының әкімі                     А. Никишов

КЕЛІСІЛГЕН:

«Степногорск қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.а.                             Ф. Жукова

Степногорск аймағы бойынша қаржы
полициясының ауданаралық
бөлімінің бастығы                                    А. Ризанов

«Ақмола обысының Ішкі істер департаменті
Степногорск қаласының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы              Е. Қаппасов

Ақмола облысы бойынша Степногорск
қаласының сотының төрағасы                           Қ. Тоқсанбаев

Степногорск қаласы бойынша
Салық басқармасының төрағасы                         Д. Бекбұлатов

«Степногорск қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы                                  Н. Асылбеков

«Ақмола облысы бойынша бақылау
әлеуметтік қорғау жөніндегі
департаменті» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік еңбек инспекторы                         Н. Фадеева

«Степногорск қалалық емханасы»
мемлекеттік қазыналық коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері                            А. Дүйсенов

«Степногорск қаласының Әділет
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы                                              Д. Жүнісов

Степногорск қаласының зейнетақы төлем
жөніндегі мемлекеттік орталығының бастығы            Л. Заворыкина

«Степногорск қаласының мемлекеттік
мұрағат» мемлекеттік мекемесінің директоры           Л. Мұхамедина

«Степногорск қаласының статистика
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы              А. Орлова

Степногорск қаласы әкімдігінің
№ а - 10/523
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
қаулысына
қосымша

2009 жылғы Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде, Қарабұлақ селолық округінде ұйымдар, ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлері және көлемінің тізбесі

Кәсіпорынның атауы

Ақы төленетін жұмыстардың түрлері және көлемі

1

«Степногорск қала әкімінің аппараты» ММ

Құжаттарды түзеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

2

«Бестөбе кенті әкімінің аппараты» ММ

Кенттің аумақтарын жинау

3

«Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

4

«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

5

«Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

6

«Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ

Аймақтың экологиялық сауықтыруы, кент аумақтарын жинау, «Әлеуметтік карталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

7

«Ішкі саясат бөлімі» ММ

Мониторингін, халықтың сауалнамасын, ұйымдық жұмыстарды өткізу

8

«Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ

Кітаптарды жаңғырту бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде, жеке парақтарды және мұқабаларды ауыстыруда көмек көрсету

9

«Степногорск қ. тарихи - өлке тану мұражайы» ММ

Техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

10

«Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Құжаттарды түзеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

11

«Степногорск қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ

Кітаптарды жаңғырту бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде, жеке парақтарды және мұқабаларды ауыстыруда көмек көрсету

12

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

«Әлеуметтік қарталардың мониторингі» республикалық бағдарламасын орындау бойынша табысы аз азаматтарды тексеру

13

Степногорск аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық бөлімі

Құжаттарды өңдеу мен ресімдеуде көмек көрсету

14

«Жатақхана - 2» ЖШС

«Дружба» аула құлыбының тәрбие жұмысын ұйымдастыру

15

«Горкоммунхоз» ШЖҚ МКК

Қала аумақтарын жинау, аумақтың экологиялық сауықтыруы және көгалдандыруы

16

«Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ

Шақырылу учаскесіне жазылуға жататын тұлғаларға шақыру қағаздарын тарату

17

«Степногорск қалалық емханасы» МҚКК

Нашақорлар арасында алдын алу жұмысын жүргізу үшін көмек көрсету

18

«Арыстан» ЖИК ТК

«Романтик» аула құлыбының тәрбие жұмысын ұйымдастыру

19

Степногорск қалалық соты

Жеке тұлғаларға шақыру қағаздарын тарату

20

Степногорск қ. ЗТМО бөлімшесі

Мұрағатта техникалық жұмыстарды өткізуіне көмек көрсету

21

«Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» ММ

Жеке тұлғаларға шақыру қағаздарын тарату

22

«Степногорск қалалық статистика бөлімі» ММ

Халық санағын жүргізу үшін көмек көрсету

23

«Степногорск қаласының мемлекеттік мұрағат» ММ

Кітаптарды жаңғырту бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде, жеке парақтарды және мұқабаларды ауыстыруда көмек көрсету

24

«Степногорск қаласының Әділет басқармасы» ММ

Халықты құжаттау бойынша жұмыстарды өткізуінде көмек көрсету

25

Степногорск қаласы бойынша салық комитеті

Мүліктік және жер салықтары бойынша жеке тұлғаларға хабарламалар тарату

26

«Ақмола облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменті» ММ

Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспектордың құжаттарын өндеу бойынша техникалық жұмыстарды өткізуінде көмек көрсету

Қысқармалардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
МҚКК – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
ЖИК ТК – жайлар иелерінің кооперативі, тұтынушылық кооперативі;
ЗТМО – зейнетақыны төлеу мемлекеттік орталығы;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады