Андреевка селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 3 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 5 ақпанда N 1-18-45 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қантарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармағына және, Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 3 шілдедегі № 3 шешімі, Андреевка селосының турғындарының 2007 жылғы 17 сәуірдегі жиынының № 2 хаттамасына сәйкес Андреевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка селолық округі әкімінің 28.07.2015 № 12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Андреевка селосы көшелерінің атауы өзгертілсін:
      Маркс көшесі - Қонаев көшесіне;
      Комсомольский көшесі - Достық көшесіне;
      Ленин көшесі - Әуезов көшесіне;
      Революционный көшесі - Уалиханов көшесіне;
      Советский көшесі - Желтоқсан көшесіне;
      Октябрьский көшесі - Мәметов көшесіне;
      Тельман көшесі - Ақ-жайық көшесіне.
      2. Осыға шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және жарияланған сәттен бастап қолданысқан кіреді.

      Андреевка селолық
      округінің әкімі:                           В.Д.Шимков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      "мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінін бастығы:                       Т.Л.Барто

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады