2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы N 51 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 04 сәуірде N 3241 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 135 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.12.10 N 135 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" және 2008 жылғы 25 қаңтарындағы N 65 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 Қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       2. "Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу  департаменті" ММ Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын төлеушілерге жеткізсін.
       3. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 22 желтоқсанда N 3192 тіркелген "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкілерінің 2007 жылға арналған мөлшерін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 қаңтардағы N 315 шешімінің және Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 12 сәуірде N 3201 тіркелген "Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 315 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 344 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
       4. Осы шешім ресми жариялаған күнінен бастап он тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап 30567,3 ставка осы шешім қолданысқа енгізілгенге дейін әрекет ететін туындаған қатынастарға таралатын осы шешімге қосымшаның 2 тармақшасын қоспағанда "заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары" қатынастарға таратылады.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.04.21 N 82 Шешімімен.

      Облыстық мәслихаттың       Облыстық 
      сессия төрағасы            мәслихаттың хатшысы
      К.ЖҰМАБАЕВ                 А.ЕСІРКЕПОВ

Облыстық мәслихаттың
2008 жылғы 26 наурыздағы
N 51 шешіміне
Қосымша

2008 жылға арналған қоршаған ортаға
ластағаны үшін төлем ставкалары 

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.04.21 N 82 Шешімімен.

N р/с Көрсеткіштер Өлшем бірлігі  Қалдықтардың қауіптілік деңгейі ставка,2008 ж
теңге

1

2

3

4

5

1

Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары1

шартты
тонна


2600,0

2

Заңдылық белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары

шартты
тонна


12000<*>

3

Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары:

Пайдала-нылған отынның тоннасы 
(бұдан әрі - тонна)



этилденбеген бензин үшін


703,2

дизель отыны үшін


986,19

сұйытылған, сығылған газ үшін


492,51

4

Ластаушы заттардың төгінділері:

шартты тонна



су көздеріне2


35000

жинақтаушыларға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне


21000

5

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар3

тонна


360,19

6

Өнеркәсіптік қалдықтар




өндіріс пен тұтынудың қауіпті
қалдықтарын полигондарда,
жинақтауыштарда, санкцияланған
үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру

 
 
 
 
 
тонна

"қызыл"
тізім

11526,21

"янтарь" тізімі

5601,66

"жасыл" тізім

1440,77

"жіктелмегендер"

521

Бұдан басқа:




аршынды жыныстар4

 
 
 
 
 
тонна


2,8

байыту шлактары, шламдары, қалдықтар4


34,24

күл және күлшлактар4


20,9

ауыл шаруашылығы өндірісінің

қалдықтары


64,76

7

Радиоактивті қалдықтар:

 
 
 
 
 
гигабек-керель



трансуранды қалдықтар


960,51

альфа-радиоактивті қалдықтар


480,26

бета-радиоактивті қалдықтар


48,02

шынақты радиоактивті қалдықтар


480,26

       Ескерту:
 
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,75 коэффициенті;
      4 0,75 коэффициенті;

      2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін
мынадай коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,3 коэффициенті;
      2 0,43 коэффициенті;
      4 0,25 коэффициенті;
      Ескерту. 2) тармақшасы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.04.21 N 82 Шешімімен.

      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларын мына коэффициенттер енгізіледі:
      3 0,2 коэффициенті.
      
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2)тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.

      5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
      Ескерту. 5) тармақшасымен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.04.21 N 82 Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады