Байланыс формасы

Алға ауданының Луговое селосын Жерұйық ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 79 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 56 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 4 сәуірде N 3244 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданының Луговое селосы - Жерұйық ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Е. САҒЫНДЫҚОВ
      Облыстық мәслихаттың сессия
төрағасы
К.ЖҰМАБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады