Байланыс формасы

Ырғыз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 81 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 58 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 8 сәуірде N 3246 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Ырғыз ауданы" өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес Тәуіп ауылдық округі құрамы аумағынан жалпы алаңы 208780 гектар Жайсаңбай елді мекені мен Қойсан, Исатай, Көксай, Дәрмен, Балтабай, Ешман, Қоренкөл, Күйіккөл, Төртіғұл қоныстары шығарыла отырып өзгертілсін;

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес аумағының жалпы алаңы 1588170 гектар әкімшілік орталығы Жайсаңбай ауылы болып Жайсаңбай ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылып, оның құрамына аумағының жалпы алаңы 208780 гектар Тәуіп ауылдық округінің құрамынан шығарылған Жайсаңбай елді мекені және қоныстары және мемлекеттік жер қорынан 1379390 гектар жер кіргізілсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Ырғыз ауданының әкiмі (Дуанбеков М.Қ.) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтың бірлікті мемлекеттік басқаруды және қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.

      4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д. Мұқаев) облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

      5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.

      6. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. САҒЫНДЫҚОВ
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы К. ЖҰМАБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады