"Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті үшінші сессиясының N 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының 2008 жылғы 17 маусымдағы N 73 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 11 шілдеде N 3-1-94 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.08.10 № 63 Шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 28 бабына сәйкес және "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 28 шешіміне Ақтөбе табиғатты қорғау прокуратурасының 2008 жылғы 31 наурыздағы N 10д - 102 наразылығының негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 3-1-83 санымен тіркелген "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті үшінші сессиясының N 28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) шешім және Қағида атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Ақтөбе қаласының аумағын көркейту Қағидасы";

      2) шешімінің 1 тармағындағы және Қағиданың 1 тармағындағы "санитарлық тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету" сөздері алынып тасталсын;

      3) 18 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "аумақты тазарту - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы";

      4) келесі тармақтар алынып тасталсын: 50,73,80;

      5) 62 тармақтағы "өз бетінше, немесе" сөздері алынып тасталсын;

      6) 72 тармақтағы "кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар", "немесе" сөздері алынып тасталсын;

      7) 81 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру бойынша алаңдар мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен және коммуналдық қызметтермен келісуі қажет";

      8) 86 тармақтағы "Халық көп келетін орындарда қораптар бір - бірінен 40 метр қашықтықтан аспай, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 100 метр қашықтықтан аспай орнатылады" сөздері алынып тасталсын;

      9) 99 тармақтағы "немесе өз бетімен қоқыс шығарады" сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы        А.Айтжанов

      Мәслихат хатшысы       С.Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады