Аманкөл ауылдық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының № 61 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 23 қаңтарда № 3-5-87 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауында және мәтінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 20.09.2016 № 183 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.09.2016 № 42 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 "Жер кодексінің" 108 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 20.09.2016 № 183 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.09.2016 № 42 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. "Ақтөбежер ғылыми өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны дайындаған жобасы негізінде Аманкөл ауылдық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер – шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер N 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін, осы шешімге, N 2 қосымша жалғансын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009.12.25 № 243 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.12.25 № 110 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз)
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: М. Дуанбеков
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: И.М. Сәрсенбаев

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 255 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 61 шешіміне N 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009.12.25 № 243 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.12.25 № 110 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз)

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 255 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 61 шешіміне N 2 қосымша

Аманкөл ауылдық округінің елді мекендерінің қарамағына
қосымша берілген жер көлемдері

р/с

Округ, елді мекен атауы

Бұрын берілген жер, га

Босалқы жерден

қосымша берілген жер, га

1

Жарма
6557
4401
Барлығы
6557
4401

      кестенің жалғасы

р/с

Округ, елді мекен атауы

Оның ішінде

Барлық жер

көлемі, га

Жайылым, га

Басқалары, га

1

Жарма
3978,8
422,2
10958
Барлығы
3978,8
422,2
10958

  Ырғыз ауданы әкімінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 255 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 61 шешіміне N 3 қосымша

ЖОБА
Ығыз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 255 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының
N 61 шешімімен қаралып белгіленді

      РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады