Аз қамтылған отбасыларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 02 сәуірдегі N 36 қаулысы. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 15 сәуірде N 3-6-63 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2008.09.18 № 178 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246–II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес және азық – түліктің бағасының көтерілуіне байланысты аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға ай сайын ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек ай сайын 1 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
      3. «Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ (О.Көшербаева) аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін қаржы көздерін қарастыру тапсырылсын.
      4.«Қарғалы аудандық қаржы бөлімі» ММ (Ш.Қасымова) әлеуметтік көмек төлемдерін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ұ.Берденова) аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы                                    М. Әлиев

Об оказании дополнительной социальной помощи малообеспеченным семьям

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 02 апреля 2008 года N 36. Зарегистрировано в Управлении Каргалинской юстиции Актюбинской области 15 апреля 2008 года за N 3-6-63. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 18 сентября 2008 года № 178

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 18.09.2008 № 178.

       В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении в Республике Казахстан» №148 от 23 января 2001 года, Закона Республики Казахстан «О прожиточном минимуме» № 474 от 16 ноября 1999 года, Закона Республики Казахстан «О государственной адресной социальной помощи» № 246-II от 17 июля 2001 года, в целях оказания социальной помощи малообеспеченным семьям в связи с повышением цен на продовольственные товары, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ежемесячно оказывать денежную социальную помощь малообеспеченным семьям, совокупный доход которых ниже черты бедности установленный областью.
      2. Малообеспеченным семьям, проживающим ниже черты бедности, утвердить социальную помощь в размере одной тысячи тенге.
      3. ГУ «Районный отдел экономики и бюджетного планирования» (Кушербаева О.М.) изыскать источники для оказания социальной помощи малообеспеченным семьям.
      4. ГУ «Каргалинский районный отдел финансов» (Касимова Ш.А.) обеспечить финансирование выплат для социальной помощи.
      5. ГУ «Районный отдел занятости и социальных программ» (Берденова У.А.) обеспечить назначение и выплату социальной помощи малообеспеченным семьям.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 дней после первого официального опубликования.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Тынымгереева И.

      Исполняющий обязанности
      Акима района                                   М. Алиев