Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 24 желтоқсанда N 3-8-70 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 05.02.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің мәтінінде "Бауржан Момышулы", "Сейфулин", "Қарабұтақ" сөздері "Бауыржан Момышұлы", "Сейфуллин", "Қарабұлақ" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 18.06.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 27.05.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен.

      1. Достық ауылында Бауыржан Момышұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Қобланды Батыр, Құмшохат атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 05.02.2015 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен..

      2. Жаңажол ауылында Ыбрай Алтынсарин атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 05.02.2015 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Первомайка ауылында Исатай Тайманов атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 05.02.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Қарабұлақ елді мекеніне Желтоқсан атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Акқудық ауылдық округ әкімі: Қ.Қ. Отаралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады