Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 15 желтоқсанда N 3-12-67 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 07.07.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 07.07.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 28.11.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Табантал ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:

      Табантал ауылында–Табантал көшесі, көшеге барлық үйлер жатқызылады;

      Бақай ауылында–Бақай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатқызылады;

      Жайлаусай ауылында–Жайлаусай көшесі, осы елді мекеннің барлық үйлері жатқызылады;

      Көптоғай ауылында–Көптоғай көшесі, осы елді мекеннің барлық үйлері жатқызылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 07.07.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Табантал ауылдық
      округінің әкімі К.Алдабергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады