"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтардағы N 6-35 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 шілдедегі N 12-69 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 тамызда N 2015 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен

       Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.

           Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2008 жылғы 7 ақпанда 2001 нөмірмен нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпандағы "Жетісу" газетінің 22 санында жарияланған, "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы  ставкаларын белгілеу туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтарындағы N 6-35 шешіміне, мынандай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Ескертпеде:
      2) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:
      "2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін комуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынандай коэфициенттер енгізіледі
      1 0,3 коэффиценті;
      2 0,43 коэффиценті;
      3 0,25 коэффиценті;"

      мынандай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына (Т. Досымбеков), облыстық мәслихаттың экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және экология салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Шүрегеев) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат                Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                   хатшысы     
      ______________ К.Нүсіпов         _____________ А.Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады