Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты елді мекендерінің кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенттік округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 324 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 8 тамызда N 2-9-68 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты, Қарабұлак кенті, Шымыр, Байысов, Абай және Ешкіөлмес ауылдары тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып Қарабұлақ кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты, Қарабұлақ кенті, Абай, Ешкіөлмес, Шымыр және Байысов ауылдарындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін, Қарабұлақ кенті бойынша:
      1) Озерная көшесі Латиф Хамиди көшесі деп ауыстырылсын;
      2) Каратальская көшесі Қаратал көшесі деп ауыстырылсын;
      3) Кирзаводская көшесі Ақын Нұрманбетов деп ауыстырылсын;
      4) Савицкая көшесі Қайрат Рысқұлбеков деп ауыстырылсын;
      5) 3ападная көшесі Мәди Бапұлы деп ауыстырылсын;
      6) Киров көшесі Төлеген Тоқтаров деп ауыстырылсын;
      7) Столичная көшесі Шона Смаханұлы деп ауыстырылсын;
      8) Дорожная көшесі Оралхан Бөкеев кешесі деп ауыстырылсын;
      9) Первомайская көшесі Қалқа Жапсарбаев көшесі деп ауыстырылсын;
      10) Семиреченская көшесі Саумал Ноғайбаева көшесі деп ауыстырылсын;
      11) Железнодорожная көшесі Бердібек Соқпақбаев көшесі деп ауыстырылсын;
      12) Подгорная көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесі деп ауыстырылсын;
      13) Полевая көшесі Базарбай Асанов көшесі деп ауыстырылсын;
      14) Мельничная көшесі Дәуітәлі Серіков көшесі деп ауыстырылсын;
      15) Маяковский көшесі Қатша Есболатова көшесі деп ауыстырылсын;
      16) Спортивная көшесі Ыдырыс Ноғайбаев көшесі деп ауыстырылсын;
      17) Комаров көшесі Әйтеке би көшесі деп ауыстырылсын;
      18) Энергетиков көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесі деп ауыстырылсын;
      19) Щорс көшесі Қазанғап көшесі деп ауыстырылсын;
      20) Садовая көшесі Махамбет Өтемісұлы көшесі деп ауыстырылсын;
      21) Мичурин көшесі Әсет Бейсеуов көшесі деп ауыстырылсын;
      22) Шоссейная көшесі Сүйінбай Аронұлы көшесі деп ауыстырылсын;
      23) Космодемьянская көшесі деп ауыстырылсын;
      24) Молодежная көшесі Міржақып Дулатов көшесі деп ауыстырылсын;
      25) К. Маркса көшесі Шәкен Айманов көшесі деп ауыстырылсын.
       2. Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Абай ауылы бойынша:
      1) Строителей көшесі Нұрғиса Тлендиев көшесі деп ауыстырылсын;
      2) Кирова көшесі Әліби Жангелді көшесі деп ауыстырылсын.
       3. Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Ешкіөлмес ауылы бойынша:
      1) Тельмана көшесі Кемел Тоқаев көшесі деп ауыстырылсын;
      2) Чапаева көшесі Мұхаметжан Тынышбаев көшесі деп ауыстырылсын;
      3) Станционная көшесі Құсақ көшесі деп ауыстырылсын.
       4. Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Шымыр ауылы бойынша:
      1) Новая көшесі Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі деп ауыстырылсын.
       5. Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Байысов ауылы бойынша:
      1) Комонавтов көшесі Кесік көшесі деп ауыстырылсын.
       6. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Қарабұлақ кенттік
      округінің әкімі                            Қ.К. Жексенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады