Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 89 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 08 мамырда 1682 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 02 қыркүйектегі № 254 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.09.02 № 254 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                         Б. Жексембин

Жамбыл облысы әкімиятының
2008 жылғы 27 наурыздағы
N 89 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Көрсетілетін бұл мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

      3. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 қаулысының негізінде жүргізіледі.

      4. Бұл мемлекеттік қызметті "Жамбыл облысы әкімиятының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - Мәдениет басқармасы).
      Қызмет көрсету орны: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 17 а үй.
      Ресми сайты: www.zhambyl.kz

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (қорытынды), әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы тұтынушы алатын қорытынды болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) Сараптама комиссиясы ұсынылған заттардың және құжаттардың сараптамасын өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады. Қайта әкелінген мәдени құндылықтарға қайта сараптама жүргізу және қорытынды беру қайта әкелгені туралы өтініш алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
      2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін;
      3) Қажетті құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін.

      8. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру ақысыз жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттың көздерінде: облыстық "Ақ жол", "Знамя труда" газеттерінде, Мәдениет басқармасы фойесіндегі қабырғаларда, сондай-ақ www.zhambyl.kz веб-сайтында орналасқан.

      10. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
      Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

      11. Мемлекеттік қызмет мәдениет басқармасының мәдениет және өнер білімі кабинетінде көрсетіледі.
      Кабинетте тұтынушыларға бір жазу үстелі және екі орындық қойылған.
      Фойеде және кабинетте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толтырылған өтініш үлгілері қойылған ақпараттық қабырға ілінген.
      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І, ІІ топ мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
      1) өтініш, ақпарат мазмұны:
      меншік иесі туралы (аты, тегі және әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, тұратын және тіркелген орны, байланыс үнсандығы, заңды тұлғаның деректемелері);
      ұсынылған заттарға оның меншік құқығының туындау негізі туралы және олардың сипаттамасы.
      Өтінішке тіркелетіндер:
      1) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
      2) заңды тұлға үшін тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі және құрылтайшының жеке басын куәландыратын нотариалды расталған көшірмесі;
      3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы келісім шартының көшірмесі;
      4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрайтын бөліктердің мөлшері 10х15 сантиметр фотосуреті;
      5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
      6) заңды тұлғалар үшін - уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы мекеме басшысының бұйрығы;
      7) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.
      Өтінішке заңды тұлғаның атынан бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      Байланыс деректері: құжаттар қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 17 а үй, үнсандық: 45-13-99.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштер бланкісі Мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөлімінде беріледі, 4 кабинет.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштер және басқа да құжаттарды тұтынушының өзі Мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөліміне тапсырады, 4 кабинет, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 17 а үй.

      15. Тұтынушы қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін мерзімі мен тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама алады.

      16. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытындыны тұтынушы жеке келген кезінде алады, 4 кабинет, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 17 а үй.

      17. Осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі тұтынушымен ұсынылмаған жағдайда, Мәдениет басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін, сондай-ақ:
      1) оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген қанағаттанғысыз физикалық жағдайы;
      2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы.

      Ескерту. 17-тармақтың 1) тармақшасына өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мәдениет басқармасы тұтынушыға қатысты қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) сыпайылық;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
      3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық сақталуын;
      4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартға қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. (Кесте "Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні")

      20. Мәдениет басқармасы сараптау комиссиясының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін басқарма бастығының орынбасары түсіндіреді, 2 кабинет, үнсандық: 43-09-54.

      22. Шағым Мәдениет басқармасы бастығының атына жазылады, 1 кабинет.

      23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат Мәдениет басқармасы талдау және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығымен берілетін талон болып табылады және онда ұсынылған шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетіледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мәдениет басқармасының байланыс деректері: 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 17 а үй.
      Мәдениет басқармасы бастығының қабылдау бөлмесінің үнсандығы: 45-15-49.
      Мәдениет басқармасы бастығының орынбасарының үнсандығы: 43-09-54.
      Мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөлімі мамандарының үнсандығы: 45-13-99.
      Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Электрондық почтасының мекен-жайы: tarazkultura@mail.ru
      Сайт: www.zhambyl.kz
      Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
      Мәдениет басқармасының бастығымен: мерекелік күндерден басқа, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін;
      Мәдениет басқармасы бастығының орынбасарымен: мерекелік күндерден басқа, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін.
      Жоғары тұратын мекеменің атауы, мекен-жайы және үнсандығы: мемлекеттік мекеме "Жамбыл облысы әкімі аппараты", Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 үй, үнсандығы: 43-09-62.

      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат Жамбыл облысы әкімиятының www.zhambyl.kz ресми сайтында орналасқан.

Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1 2 3 4
1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

90%

80%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан  аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100%

70%

60%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына  қанағат - танған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100%

100%

100%

3. Қ ол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратға қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

90%

80%

70%

3.3 Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану ү дерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет  көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

90%

90%

      Ескерту: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Постановление акимата Жамбылской области от 27 марта 2008 года N 89. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 08 мая 2008 года за номером 1682.Утратило силу Постановлением Акимата Жамбылской области от 02 сентября 2010 года № 254

            Сноска. Утратило силу Постановлением Акимата Жамбылской  области от 02.09.2010 № 254.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 558 "Об утверждении Типового стандарта оказания государственной услуги", в целях повышения качества оказания государственной услуги акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемый стандарт оказания государственной услуги по выдаче заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на организационно-инспекторский отдел аппарата Акима области.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                         Б. Жексембин

Утвержден       
постановлением акимата
Жамбылской области  
от 27 марта 2008 года N 89

Стандарт
оказания государственной услуги Выдача заключения о наличии у вывозимого
предмета культурной ценности

1. Общие положения

      1. Данный стандарт определяет порядок оказания государственной услуги по выдаче заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности.

      2. Форма оказания данной государственной услуги не автоматизированная.

      3. Выдача заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности производится на основании Постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2007 года N 447 "Об утверждении Правил проведения экспертизы культурных ценностей, вывозимых и ввозимых в Республику Казахстан".

      4. Государственную услугу предоставляет государственное учреждение "Управление культуры акимата Жамбылской области" (далее - Управление культуры).
      Место оказания услуги: город Тараз, улица Сулейменова, 17 а.
      Официальный сайт: www.zhambyl.kz.

      5. Формой завершения (результат) оказываемой государственной услуги, которую получит потребитель является выдача заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности.

      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам (далее - потребитель).

      7. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) со дня регистрации заявления экспертиза представленных предметов и документов экспертной комиссией осуществляется в течение пяти рабочих дней. Повторная экспертиза ввезенных культурных ценностей и выдача заключения производится в течение пяти рабочих дней со дня получения заявления об обратном ввозе;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов (при регистрации) до 40 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении документов до 40 минут.

      8. Заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности выдаются бесплатно.

      9. Полная информация о порядке государственной услуги располагается в официальных источниках информации: в областных газетах "Ак жол" и "Знамя труда", на стендах, расположенных в фойе Управления культуры, а также на веб-сайте: www.zhambyl.kz

      10. График работы: ежедневно, за исключением субботы, воскресенья и праздничных дней с 9.00 часов до 18 часов с перерывом с 13.00 до 14.00 часов.
      Предварительная запись и ускоренное обслуживание для получения данной государственной услуги не предусмотрено.

      11. Государственная услуга оказывается в кабинете отдела культуры и искусства управления культуры.
      В кабинете имеются письменный стол и два стула для потребителей.
      В фойе и кабинете имеются информационные стенды с образцами заполненных заявлений на государственном и русском языках.
      Ветераны Великой Отечественной войны, инвалиды І, ІІ групп обслуживаются вне очереди.

2. Порядок оказания государственной услуги

       12. Перечень необходимых документов и требований:
      1) заявление, которое должно содержать информацию:
      о собственнике (имя, фамилия и отчество, дата рождения, гражданство, место проживания, контактный телефон, реквизиты юридического лица);
      об основании возникновения у него права собственности на представленные предметы, а также их описание;
      К заявлению прилагаются:
      1) для физического лица копия документа, удостоверяющего личность заверенная нотариально;
      2) для юридического лица копия свидетельства о регистрации (перерегистрации) юридического лица, заверенная нотариально;
      3) копия договора принимающей стороны о целях и условиях нахождения культурных ценностей;
      4) фотография размером 10x15 сантиметров каждой культурной ценности или ее составляющих частей;
      5) документы, подтверждающие право собственности на культурные ценности;
      6) приказ руководителя организации о возложении ответственности на определенное лицо за сохранность культурных ценностей на период временного вывоза - для юридических лиц;
      7) предметы, рассматриваемые как культурные ценности, подлежащие экспертизе.
      Заявление от юридического лица подписывается первым руководителем, либо лицом его замещающим
      Контактные данные: прием документов осуществляются с 9.00 до 18.00 часов с перерывом с 13.00 до 14.00 часов, за исключением субботы, воскресенья и праздничных дней, город Тараз, улица Сулейменова, 17а, кабинет 4, телефон: 45-13-99.

      13. Для получения государственной услуги бланки заявлений выдаются в отделе культуры и искусства Управления культуры, кабинет 4.

      14. Заявления и другие документы, необходимые для получения государственной услуги потребителем сдаются в отдел культуры и искусства Управления культуры, кабинет 4, город Тараз, улица Сулейменова, 17а.

      15. Потребитель после сдачи всех необходимых документов, получает уведомление с указанием даты, регистрационного номера.

      16. Выдача заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности производится только при личном посещении заявителя, кабинет 4, город Тараз, улица Сулейменова, 17а.

      17. Управлением культуры в предоставлении государственной услуги может быть отказано в случае не предоставления потребителем одного из документов, указанных в пункте 12 настоящего стандарта, а также:
      1) неудовлетворительное физическое состояние вывозимых культурных ценностей, указанное в заключении экспертной комиссии, за исключением случаев временного вывоза их в целях реставрации;
      2) нахождение культурных ценностей в международном и (или) государственном розыске.

3. Принципы работы

       18. Управление культуры по отношению к потребителю руководствуется на принципах:
      1) вежливости;
      2) исчерпывающей и полной информации об оказываемой государственной услуге;
      3) обеспечения сохранности, защиты и конфиденциальности информации о содержании документов потребителя;
      4) обеспечения сохранности документов, которые потребитель не получил в установленные сроки.

4. Результаты работы

       19. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением к настоящему стандарту (таблица "Значение показателей качества и доступности").

      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственной услуги, по которым оценивается работа экспертной комиссии и Управления культуры, ежегодно утверждаются специально созданными рабочими группами.

5. Порядок обжалования

       21. Порядок обжалования действий (бездействия) специалистов Управления культуры разъясняет заместитель начальника Управления культуры, кабинет 2, телефон: 43-09-54.

      22. Жалоба подается на имя начальника Управления культуры, 1 кабинет.

      23. Документом, подтверждающим принятие жалобы и предусматривающего срок и место получения ответа на поданную жалобу, контактные данные должностных лиц, у которых можно узнать о ходе рассмотрения жалобы, является талон, выдаваемый начальником отдела аналитики и кадровой работы Управления культуры.

6. Контактная информация

       24. Контактные данные Управления культуры: 080000, город Тараз, улица Сулейменова, 17 а.
      Телефон приемной начальника Управления культуры: 45-15-49.
      Телефон заместителя начальника Управления культуры: 43-09-54.
      Телефон специалистов отдела культуры и искусства Управления культуры: 45-13-99.
      График работы: ежедневно с 9.00 до 18.00 часов, кроме субботы, воскресенья и праздничных дней, перерыв с 13.00 до 14.00 часов.
      Адрес электронной почты: tarazkultura@mail.ru
      Сайт: www.zhambyl.kz
      График личного приема физических лиц:
      начальником управления культуры: еженедельно по средам и пятницам с 17.00 до 18.00 часов, кроме праздничных дней;
      заместителем начальника управления культуры: еженедельно по вторникам и четвергам с 17.00 до 18.00 часов, кроме праздничных дней.
      Наименование, адрес и контактные телефоны вышестоящего органа: государственное учреждение "Аппарат акима Жамбылской области", город Тараз, улица Абая, 125, телефон: 43-09-62.

      25. Другая полезная информация для потребителя размещена на официальном сайте акимата Жамбылской области: www.zhambyl.kz

Приложение    
к стандарту оказания
государственной услуги

Таблица. Значения показателей качества и доступности

Показатели качества
и доступности
Нормативное значение показателя Целевое значение  показателя
в последующем
году
Текущее
значение
показателя
в отчетном
году
1 2 3 4
1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления услуги в установленный срок с  момента сдачи документа

100% 9 0% 80 %

1.2. % (доля) потребителей, ожидавших получения услуги в очереди не более 40 минут

10 0% 7 0% 6 0%
2. Качество

2.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных качеством процесса предоставления услуги

10 0% 10 0% 10 0%

2.2. % (доля) случаев правильно оформленных документов должностным лицом (произведенных начислений, расчетов и т.д.)

10 0% 10 0% 10 0%
3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных качеством и информацией о порядке предоставления услуги

10 0% 10 0% 10 0%

3.2. % (доля) случаев правильно заполненных потребителем документов и сданных  с первого раза

9 0% 80 % 7 0%

3.3. % (доля) услуг информации, о которых доступно через Интернет

50% 40% 30%
4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) обоснованных жалоб общему количеству обслуженных потребителей по данному виду услуг

0 , 1% 0 , 3% 0 , 5%

4.2. % (доля) обоснованных жалоб, рассмотренных и удовлетворенных в установленный срок

95% 70% 60%

4.3. % (доля) потребителей, удовлетворенных существующим порядком обжалования

95% 60% 50%

4.4. % (доля) потребителей, удовлетворенных сроками обжалования

90% 60% 50%
5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных вежливостью персонала

10 0% 9 0% 9 0%

      Примечание: Показатели рассчитываются в соответствии с
модельными методическими рекомендациями по определению показателей
стандартов государственных услуг утвержденным приказом Председателя
Агентства РК по делам государственной службы.