Қарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы N 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VІІI сессиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 136 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2008 жылғы 22 шілдеде N 1848 тіркелді

     "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 38,  11 баптарына сәйкес Бұқар жырау және Қарқаралы аудандары әкімдіктері мен мәслихаттарының тұрғындарсыз және тұрғындарының саны 50 адамнан аз елді мекендерді тарату туралы бірлескен шешімдерінің негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Қарағанды облысының Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізілсін, тұрғындарсыз және тұрғындарының саны 50 адамнан аз елді мекендер осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес басқа елді мекендердің құрамына енгізілсін және олар есепті деректерден шығарылсын.
       2. Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы мен Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
       3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге алынған соң күшіне енеді.
       4. Бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қарағанды облысының
      әкімі                                      Н. Нығматулин

      Сессия төрағасы                            Н. Дулатбеков

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Б. Жұмабеков

Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 13 маусымдағы N 17/03
бірлескен қаулысы мен Қарағанды
облыстық мәслихатының 2008 жылғы
26 маусымдағы VIII сессиясының
N 136 шешіміне қосымша

Басқа елді мекендердің құрамына енгізілетін және есепті деректерден шығаруға жататын тұрғындары жоқ және тұрғындарының саны 50 адамнан аз елді мекендердің тізбесі

N

Ауданның атауы

Селолық округтің атауы

Селолық елді мекеннің атауы

Селолық елді мекеннің құрамына енгізілді

1

Бұқар жырау ауданы

Шешенқара

Үштау

Шешенқара

Тоғызқұдық

Плотинное

Тасшоқы

Доскей

Аққұдық

Доскей

2

Қарқаралы ауданы

Бақты

Талдыбай

Бақты

Тәттімбет

Тасшоқы

Ақтасты

Тегізшілдік

Шұнқырқұдық

Тегізшілдік

Абай

Тоқай

Айнабұлақ

Нұрмақов

Доғалаң

Өсібай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады