2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 02/04 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 ақпанда N 8-1-69 тіркелді. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 3-4/1329 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне" сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына екі төменгі еңбекақы көлемінде бекітілсін.
      3. Өкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мәрия Қалиақпарқызы Құсаиынова) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
      4. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 44/12 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-1-60, 2007 жылғы 1 қарашадағы N 126 (20522) "Индустриальная Караганда" және 2007 жылғы 1 қарашадағы N 175 (20349) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
      6. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 ақпанынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2008.09.05 N 35/16 қаулысымен.

      Қала әкімі                                 И. Тоғайбаев

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 қаңтардағы
N 02/04 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгертулер енгізілді - Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2008.09.05 N 35/16 қаулысымен.

2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын
Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің
тізбесі

N

Мекемелердің атауы

Адам саны

Жұмыстың түрлері

Қаржылардыру көзі

Жұмыс көлемі, теңге

1

"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

95

Қаланы көркейту және көгалдандыру

Қарағанды қаласының бюджеті

2946030

2

"Мәдениет және демалыс бақтарының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

75

Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау

Қарағанды қаласының бюджеті

2325813

3

"Қалалық жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

12

Жарық беру желілерін күтіп ұстау бойынша жұмыс

Қарағанды қаласының бюджеті

389885

4

Октябрь ауданы әкімінің аппараты

144

Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату қондырғыларын тексеру

Қарағанды қаласының бюджеті

4451861

5

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты

134

Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату және аудандарды жарықпен безендіру қондырғыларын тексеру

Қарағанды қаласының бюджеті

4141752

6

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты

53

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

1643111

7

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық комитеті

55

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түыртектерін және хабарламалар тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

1705596

8

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша салық комитеті

55

Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түыртек және хабарламалар тарату

Қарағанды қаласының бюджеті

1705596

9

"Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

80

Тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында жасөспірімдермен және жастармен жұмыс, бекітілген аумақты тазалау

Қарағанды қаласының бюджеті

2480867

10

"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданны қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

35

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

Қарағанды қаласының бюджеті

1081049

11

"Қарағанды қаласы Октябрь ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

38

Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу

Қарағанды қаласының бюджеті

1170657

12

Қарағанды қаласы әділет басқармасы

50

Әділет органдарында құжаттар өңдеу жұмысы

Қарағанды қаласының бюджеті

1550542

13

"Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

30

Автомобиль жолдарында түгендеу жүргізу, автокәсіпорындарында жолдаушылардың жүру кестесінің орындалысы жөнінде зерттеу

Қарағанды қаласының бюджеті

930326

14

"Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

17

Құжаттарды өңдеу жұмыстары

Қарағанды қаласының бюджеті

535519

15

"Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

14

Құжаттарды өңдеу жұмыстары

Қарағанды қаласының бюджеті

444192

16

"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

20

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

620217

17

"N 1 кәсіптік мектеп" мемлекеттік мекемесі (Жергілікті бірлестік оқыту орталығы)

20

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының өмір сүру дағдыларын қалыптастыру (компьютерде сауатты жұмыс істеу, үй және қосалқы шаруашылық жұмыстарын істей білу)

Қарағанды қаласының бюджеті

620217

18

"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

22

Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, қаланың әлеуметтік қартасын нақтылау, құжаттар өңдеу

Қарағанды қаласының бюджеті

682860

19

Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

20

Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, қаланың әлеуметтік картасын нақтылау, құжаттар өңдеу, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт адамдарды анықтау

Қарағанды қаласының бюджеті

620217

20

Октябрь аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

20

Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, қаланың әлеуметтік қартасын нақтылау, құжаттар өңдеу, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт адамдарды анықтау

Қарағанды қаласының бюджеті

621372

21

"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

11

"Мекенжай тіркелімдердің" нақты бар базалық мәлеметтерді мекенжайдағы ақпаратты салыстырма түрде тексеріс жасау

Қарағанды қаласының бюджеті

343321


Барлығы

1000



31011000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады