"2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 02/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2008 жылғы 05 қыркүйектегі N 35/16 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қыркүйекте N 8-1-75 тіркелді. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 3-4/1329 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне" және қала мекемелерінен қайта келіп түскен өтінімдерге сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. "2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 02/04 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-1-69 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 38 (20584) "Индустриальная Караганда" және 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 51 (20434) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) "2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі" қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

     1)  қаулының 6 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 ақпанынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

     2) 3 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "15" саны "12" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "465163" саны "389885" санына ауыстырылсын;

     3) 4 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "130" саны "144" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "4031409" саны "4451861" санына ауыстырылсын;

     4) 5 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "120" саны "134" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "3721300" саны "4141752" санына ауыстырылсын;

     5) 6 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "40" саны "53" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "1240591" саны "1643111" санына ауыстырылсын;

     6) 10 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "40" саны "35" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "1240434" саны "1081049" санына ауыстырылсын;

     7) 11 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "40" саны "38" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "1240434" саны "1170657" санына ауыстырылсын;

     8) 14 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "20" саны "17" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "620217" саны "535519" санына ауыстырылсын;

     9) 15 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "20" саны "14" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "620217" саны "444192" санына ауыстырылсын;

     10) 18 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "35" саны "22" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "1085380" саны "682860" санына ауыстырылсын;

     11) 20 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "25" саны "20" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "775271" саны "621372" санына ауыстырылсын;

     12) 21 тармақтағы "Адам саны" деген бағандағы "15" саны "11" санына ауыстырылсын, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанындағы "465163" саны "343321" санына ауыстырылсын;

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.

     3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 ақпанынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы            В. Иванов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады