Жезқазған қаласындағы және оның маңындағы елді мекендердің жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/125 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қаңтарда N 8-2-77 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.05.24 N 6/50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Берілген Жезқазған қаласындағы және оның маңындағы елді мекендердің жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:
      Тұрғын үй коммуналдық
      шаруашылығы, жолаушылар
      көлігі мен автокөлік жолдары
      бөлімі бастығының                          Алмаз Әлімбекұлы
      міндетін атқарушы                          Жандарбеков
      23 желтоқсан 2008 жыл

Жезқазған қалалық Мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 11/125 шешімімен бекітілген

Жезқазған қаласындағы және оның маңындағы елді мекендердің жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау
Қағидасы

      Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді.
      Ереже Жезқазған қаласындағы және оның маңындағы елді мекендердің жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін қажетті.
      Жезқазған қаласындағы және оның маңындағы елді мекендердің жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіруді, қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары, қоршаған ортаны қорғайтын уәкілетті органдары, көгалдандыру кәсіпорындарының жетекшілері жүзеге асырады.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) жасыл желектер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді мекеннің біртұтас жасыл желекті қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш, бұта және шөп өсімдіктері;
      2) жасыл желекті құрылыс – елді мекендерде және басқа объектілерде жасыл желектер алқаптарын құру, сақтау және ұлғайту. Көлемі едәуір үлкен учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырманың негізінде және оның негізінде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі;
      3) жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желектер – қалалар мен кенттер халқын рекреациялауға арналған жасыл желектер аумағы (қала ормандары, орман парктері, саябақтар, бақшалар, скверлер, бақжолдар);
      4) шектеулі түрде пайдаланылатын жасыл желектер – тұрғын үйлердің, емдеу, балалар, оқу және ғылыми мекемелердің, өнеркәсіп орындарының, спорт кешендерінің көгалдандырылған аумағы;
      5) арнайы мақсаттағы жасыл желектер – санитарлық - қорғаныштық, су қорғау, қорғаныштық - мелиорациялық, өртке қарсы аймақтардың, зираттардың көгалдандырылған аумағы, жеміс бақтары, питомниктер, гүлзар шаруашылықтары;
      6) дендрологиялық жоспар – көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет нысандарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған немесе жобаланып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналасуы мен түр-түрі көрсетілген 1:500 және одан да ірі масштабтағы сызба;
      7) өтемдік көгалдандыру – жойылған немесе бүлінген жасыл желектердің орнына оларды молықтыру;
      8) жасыл желектердің өтемдік құны – жасыл желектерді күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желектердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желектердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;
      9) көгалдандырылған аумақтар – табиғи және жасанды жолмен өсірілген жасыл желектер (бақ парк кешендері мен объектілері, бақжолдар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар) орналасатын тұрғын үй қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;
      10) жасыл желектерді қорғау – жасыл желектерді сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
      11) қорғау куәлігі – есепке алынған объектінің паспорты негізінде жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган беретін, көгалдандырылған аумақтарды күтіп ұстау және қорғау жөніндегі қажеттіліктер жүктелетін, меншік иелеріне (жалгерлеріне) береілетін құжат;
      12) жасыл желектердің бүлінуі – ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесіне зиян келтіру. Бұтақтардың, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл желектердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртену және өзге де нұқсан келу, бүліну болып табылады;
      13) есепке алу ведомосы – жасыл желектердің жай-күйінің жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы ведомосы;
      14) жасыл желектердің тізілімі – елді мекен аумағындағы жасыл желектердің тұрпаты, түр құрамы, мөлшері туралы деректер жиынтығы;
      15) жасыл желектерді жою – ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желектерді бүлдіру;
      16) есепке алынатын объект – белгіленген шекарасы бар және жауапты меншік иелеріне, мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не жеке тұлғаларға, меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;
      17) жасыл желектерді қорғау бойынша уәкілетті орган – жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің шешімдерімен бекітілген орган.

2. Жасыл желектерді орнатудың, күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері

      2. Қала немесе оның маңындағы елді мекендердің аумағында орналасқан барлық жасыл желектер, кімнің қарауында екеніне қарамастан, елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.
      3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді сақтау жөнінде шаралар қолдануға, жасыл желектердің бүлінуіне немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермеуге қажетті.
      4. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желектердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуі қажет. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желектер отырғызу және оларға күтім жасау жөніндегі жұмыстарды осы қызмет түрімен айналысу құқығын беретін сертификаттың негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Қағида белгілеген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметті ұйымдастыруға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы топографиялық негізге салынған жасыл желектердің жай-күйі туралы толық және шынайы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      6. Белгіленген тәртіппен келісілген қаланы дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, қала, кент аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.
      7. Жалпы жұрт пайдаланатын жерлерде жасыл желектер құру белгіленген тәртіппен бекітілген қаланы көгалдандырудың бас жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді сызбасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарының оң қорытындысы, экологиялық сараптама негізінде жүргізіледі.
      8. Жасыл желектер құру жұмысының барлық түрі белгіленген тәртіппен белгіленген дендрологиялық жобалар бойынша орындалады. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде жоба авторлары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың белгіленген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін қадағалап отыруы қажет.

3. Азаматтардың және жасыл желектердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері

      9. Азаматтардың:
      1) осы Қағиданың талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени - сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бақтарда, парктерде, скверлерде емін-еркін жүріп-тұруға, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзге де мақсаттарда болуға құқығы бар. Қала халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген учаскелерін пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;
      2) қаланың және оның маңындағы елді мекеннің жасыл желекті қорының жай-күйі, оны қорғау шаралары мен дамыту алғышарттары туралы шынайы ақпарат алуға;
      3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      4) іске асырылуы қаланың және оның маңындағы елді мекеннің жасыл желек қорына зиян келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы бастамашылық жасауға;
      5) қаланы және оның маңындағы елді мекеннің, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
      6) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
      10. Жасыл желектерді күтіп ұстау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:
      1) жасыл желектердің сақталуын және оларға білікті күтім жасалуын қамтамасыз етеді;
      2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасыл желектердің өзгеруі (қазып әкетілгені, қайта жаңартылғаны, қайта отырғызылғаны, отырғызылғаны) туралы оған жыл сайын ақпарат жіберіп тұрады;
      3) уәкілетті органның әдістемелік нұсқаулық ұсыныстарына сәйкес агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптер, зиянкестер және ауру өсімдіктермен күресуді, көгалдарды тегістеп шауып отыруды жүйелі түрде жүргізіп тұрады;
      4) қала құрлысы, экологиялық, санитарлық - гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және жасыл желектерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді;
      5) осы Қағидаға белгілеген тәртіппен рәсімделген жасыл желектерді қазып алуды (қайта отырғызуды) жүзеге асырыды;
      6) уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен ғана ағаштарды жасарту мақсатында кеседі, ағаш-бұта өсімдіктеріне олардың нобайын қалыптастыру және оларды санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын жүргізеді;
      7) қорғаныс аймағындағы тоқ өткізетін сымдар (1 метр радиуста), сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмір белгілерін жауып тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отырады. Бұталарды кесу электр сымдары желесінің иелерімен келісілген кесте бойынша және осы жұмыс түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың бақылауымен жүргізіледі.
      8) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталарды тасып әкетеді.
      11. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде және жер заңнамасында көзделген жер айналымының басқа нысандарында жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер жаңа меншік иесіне, жалгерге көшеді.
      12. Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттама, жасыл желектерді қорғайтын уәкілетті органдармен келісілуі тиіс.
      13. Жасыл желектерді күтіп ұстауға берілген қорғау куәлігі, ал жекелеген жағдайларда аумақты көркейту мен тазарту шарты жасыл желектер орналасқан жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар рәсімделгенге (қайта рәсімделгенге) дейін жасалады.

4. Уәкілетті органның өкілеттіктері

      14. Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне:
      1) жасыл желектер кадастрын жүргізу;
      2) жасыл желектер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
      3) жасыл желектер орналасқан жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешімдер қабылдау;
      4) жасыл желектерді қазып әкетуге және қайта отырғызуға рұқсат беру;
      5) жасыл желектерге келтірілген зиянның құнын белгіленген ставкалар немесе бекітілген әдістемелер бойынша бағалау;
      6) жасыл желектерге келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдер жасалуын бақылау;
      7) мамандандырылған ұйымдарға аттестация өткізу және оларға сертификат беру.

5. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау

      15. Қаладағы және елді мекендердегі жасыл желектердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу, есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.
      16. Жасыл желектерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік - нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желектердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
      17. Жасыл желектерді есепке алу:
      1) қала және оның маңындағы елді мекеннің аумағындағы жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;
      2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің, аумақтардың белгіленген функционалдық мақсатына сәйкестігін айқындау;
      3) қаланың және оның маңындағы елді мекеннің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында жүргізіледі.
      18. Жасыл желектердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады. Жасыл желектерді тізімдеу мамандандырылған мекемелермен тендерлік негізде жүргізіледі.
      19. Бекітілген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылатын есеп объектісінің паспорты жасыл желектерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады.
      20. Есеп объектісінің паспорты екі жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отырылуы тиіс.
      21. Жауапты меншік иесі (жалгер) өзіне тиесілі жер учаскесіндегі жасыл желектерді есепке алуды ұйымдастырады және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді қамтамасыз етеді.
      22. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді және жасыл желекті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізген мамандандырылған ұйыммен және қала әкімі аппаратының өкілдерімен келісіледі.
      Есеп объектісі паспортының көшірмесі жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның Тізіліміне (2-қосымша) деректерді енгізу үшін беріледі.
      23. Көгалдандырылған қала және оның маңындағы елді мекеннің аумақтарында орналасқан жасыл желектер Тізілімінің деректерін жаңартып отыру екі жылда 1 рет жүргізіледі.
      24. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мыналарға:
      1) бақтар, скверлер, бульварлар, жүргінші аллеялар – жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға, мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
      2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандандырылған саябақтар – осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;
      3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, офистердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да жеке иеліктердің маңының (кіре берісінің) ажырамас бөлігін құрайтын жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желектер – осы жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
      4) санитарлық - қорғаныштық аймақтар санитарлық - қорғаныштық аймақтар шекарасында меншік иелері мен жер учаскелерін жер пайдаланушыларымен жүзеге асырылады;
      5) орам ішіндегі жасыл желектер, үй ауласындағы екпелер жер пайдалану шекарасында – тұрғын үй қорының меншік иелеріне жүктеледі.
      25. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желектерді жөндеу мен қайта жаңартуды қаланың жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органы берген тиісті сертификаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.

6. Жасыл желектерді құлату және қайта отырғызу

      26. Жасыл желектерді құлатуға:
      1) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      2) инженерлік көркейту объектілеріне, жер үстіндегі коммуникацияларға қызмет көрсету;
      3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік көркейту объектілерінде жою;
      4) санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органының қортындылары бойынша тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар үшін нормативтерге сәйкес келетін жарық деңгейін қалпына келтіру;
      5) жасыл желектердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажет болған жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.
      27. Жасыл желектерді құлатуға ағаш кесу билеттері (34-қосымшалар) бойынша ғана, ал қайта отырғызуға уәкілетті орган беретін рұқсат бойынша жол беріледі (5-қосымша).
      Ағаш құлату, қайта отырғызу, ағаш кесу билеттерін және қайта отырғызуға рұқсат беру тәртібін жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Жер учаскесі (бау-бақша және саяжай учаскелері, жеке тұрғын үй құрлысы) жеке немесе заңды тұлғаға меншікке берілгеннен кейін онда шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе табиғи жолмен пайда болған ағаш бұта өсімдіктерін құлатуды, қайта отырғызуды, қайта жаңартуды олар рұқсат рәсімдемей өздерінің қалауы бойынша жүзеге асырады.
      28. Мемориалдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, белгіленген тәртіппен бекітілген; Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін құлатуға тиым салынады.
      29. Ағаштар мен бұталарды құлатуды белгіленген тәртіппен рәсімделген рұқсат құжаттамасы (оның ішінде ағаш кесу билеті) болған жағдайда тиісті жұмыс түрлеріне сертификаты бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
      Рұқсат беру құжаттарын алдын ала рәсімдеп алмай жасыл желектерді құлатуға және қайта отырғызуға рұқсат етілмейді.
      30. Қала құрлысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желектерді құлату немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу кезінде белгіленген тәртіппен жасыл желектерді құлату қажеттігін көздейтін құрылыс жобасын әзірлейді;
      2) жобалау ұйымының хаты мен құрылыс жобасының негізінде уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органымен бірлесіп, құрылыс жүргізу көзделіп отырған учаскені тексеріп шығып, тексеру актісін жасайды, онда ағаштар мен бұталардың саны, олардың түр құрамы, жай-күйі, көгалдардың, шөп қабатының, гүлзарлардың бар-жоғы, оның ішінде құлайтындары көрсетіледі;
      3) тексеру актісінің негізінде уәкілетті орган жобалау ұйымына ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ құлатуға тиісті ағаштар мен бұталардың, гүлзарлар мен көгалдардың мөлшерін барынша ықтимал сақтап қалу мақсатымен осы учаскеде құрылыс орналастырудың ерекше шарттарымен құрылыс жүргізу мүмкін екені туралы қорытынды береді;
      4) берілген құжаттардың негізінде уәкілетті орган тапсырыс берушіге кесілетін ағаштар мен бұталардың, әкетілетін гүлзарлар мен көгалдардың белгіленген ставкаларға немесе құнды бағалаудың бекітілген әдістемесіне сәйкес анықталатын мөлшерде өтемақылық құнын төлеуге шот жазып береді;
      5) әкімдіктің бағдарламаларына сәйкес, ескі үйлерді құлату кезінде жасыл желектерді құлатуға ағаш кесу билеттерін бергенде өтемақылық құн инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында және жарық режимі аймағында орналасқан жасыл желектерді құлату құны ескерілмей есептеледі.
      31. Инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды жөндеуден өткізу кезінде жасыл желектерді құлатуды және (немесе) қайта отырғызуды келісіп алу мынандай тәртіппен жүргізіледі:
      1) инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды жөндеуден өткізу кезінде жасыл желектерді құлату ағаш кесу билетінің негізінде жүргізіледі;
      2) инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында өсіп тұрған жасыл желектерді кесу кезінде қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес айқындалатын өтемақылық құн алынбайды;
      3) жөндеу жұмысы барысында бүлінген жасыл желектер, көгалдар мен гүлзарларды қалпына келтіру тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
      4) инженерлік коммуникациялардың күзет аймағынан тысқары жерлерде жұмыс жүргізу аймағында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды кесу кезінде өтемақылық құн толық қалпына келтіру құны мөлшерінде алынады;
      32. Ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, үйлер мен құрылыстардың жай-күйіне, көлік қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс істеуіне қатер төндіретін төтенше және апаттық жағдайларда - көрсетілген жасыл желектерді құлату алдын ала рұқсат рәсімдемей-ақ жүргізіледі:
      1) құлату фактісі аумақ иесі, уәкілетті орган, апаттық және өзге төтенше жағдайды жою жөнінде жұмыс жүргізген ұйым өкілдерінің, тиісті қала әкімі өкілінің құрамындағы комиссия белгіленген нысанда рәсімделген ағаш кесу орнын куәландыру актісімен расталады;
      2) уәкілетті орган ағаш кесу билетін белгіленген тәртіппен рәсімделген құлату орнын куәландыру актісі болған жағдайда жұмыстар басталған сәттен бастап 72 сағат ішінде береді.
      33. Үйлер мен құрылыстардан 5 метр жақын өскен, үйлерді тым қараңғылап жіберетін ағаштарды құлатуға рұқсатты санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдарының қортындылары негізінде азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган тегін береді.
      34. Құрғақ, кеуіп бара жатқан және ауру ағаштар мен бұталардың қайда орналасқанына қарамастан оларды есепке алуды және таңбалауды, уәкілетті орган жүргізеді.
      Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды тексеру кезінде ағаштардың өспей қалуы қартаюы мен аурулардан емес, жекелеген азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, осы ағаштарды бағалау жас өсіп тұрған ағаштарды қалпына келтіру құнының ставкалары бойынша жүргізіледі, ал олардың қурап қалуына кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      35. Жасыл желектерді өсіру және күтіп ұстауға мамандандырылған ұйымдарға тиесілі аумақтарда жасыл желектерді құлату осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Құрылыс жобасына және санақ ведомасына (6-қосымша) сәйкес құлатуға жататын барлық жасыл желектерді жұмыс жүргізуші қызыл бояумен, қайта отырғызылуға арналған желектерді – сары бояумен белгілейді.
      37. Кесілген ағаш пен кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңінен бөлу, тиеу және әкету жұмыс басталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жүргізіледі. Кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңінен бөлу, тасымалдау жөніндегі барлық жұмыс осы жұмыс түріне арналған қауіпсіздік техникасының талаптарына толық сәйкес жүргізіледі.
      38. Ағаш кесу аумағына жасыл көгал, гүлзар, жасыл желектер бүлінген жағдайда жұмыс жүргізуші оларды аумақ иесімен және уәкілетті органмен келісілген мерзімде, бірақ зақым келтірілген сәттен бастап жарты жылдан кешіктірмей қажетті түрде қалпына келтіреді.
      39. Жасыл желектерді қайта отырғызу уәкілетті орган беретін рұқсаттың (5-қосымша) негізінде жүргізіледі.
      40. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер жасыл желектерді қайта отырғызуға рұқсат алу үшін жұмыс басталғанға дейін:
      1) уәкілетті органға құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу аймағынан ағаштар мен бұталарды сәулет және қала құрлысы органымен таңдалған учаскелерге қайта отырғызуға жобалау құжаттамасын тапсыруы;
      2) уәкілетті орган конкурстық негізде айқындап, сертификат беретін мамандандырылған ұйыммен ағаштар мен бұталарды қайта отырғызуға шарт жасасуы;
      3) қайта отырғызылған жасыл желектерге (жапырақты тұқымдарға – 1 жыл, қылқан жапырақты тұқымдарға – 2 жыл бойы) күтім жасау жұмыстарын уәкілетті органға берілген кепілдеме хаты негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қайта отырғызылған жасыл желектерді кепілді күтім жасаудан кейін қабылдау жасыл желектердің тексеру актісінің (6-қосымша) негізінде жүзеге асырылады.
      4) Жобалау мекемелері ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардан, үйлерді күрделі жөндеуден өткізу аймағынан, құлап тұрған үй-жайларды қайта салу қорынан, құрылыс аймағынан жасыл желектерді, көгалдандыруға жататын жобалық обьектілер құрылыстарына қайта отырғызып пайдаланудың жобалық-сметалық құжаттамасын жасауды қамтамасыз етеді.
      5) Уәкілетті орган ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардың құжаттамасын, үйлерді күрделі жөндеуден өткізу аймағының, құлап тұрған үй-жайларды қайта салу қорының, құрылыс аймағына жататын аумақтың жасыл желектерінің санақ тізімін, көгалдандыру мен орналастыру аумағының, ағаш пен бұталарды отырғызуға бөлінген аумақтың, дендропланы бекітілгеннен кейін рұқсат қағазын береді.

7. Құлатылғаннан кейін жасыл желектерге келтірілген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтіру

      41. Лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан көп жылдық жасыл желектердің жоғалуы (құлауы, жойылуы) ақшалай немесе заттай нысанда толық өтелуге жатады.
      42. Өтемдік көгалдандыру мына талаптар ескеріле отырып жүргізіледі:
      1) қалпына келтірілген жасыл желектердің саны құлатылғандар санынан кем болмауы тиіс және көгалдандырылған аймақтын аумағы қысқартылмауы тиіс.
      2) қалпына келтірілетін жасыл желектердің түр құрамы мен нобайы сәулеттік, экологиялық және эстетикалық сипаттамалары бойынша жақсартылуға жатады;
      3) қалпына келтіру әдетте ағаш құлатылған аумақ шегінде жүргізіліп, ағаштар тамыр топырағымен бірге отырғызылады;
      43. Өтемдік көгалдандыру құлату мүддесі үшін жүргізілген азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Заңсыз құлату, жою фактілері бойынша өтемақылық көгалдандыру кінәлі адамды анықтау мүмкін болмағанда, жасыл желектер табиғи жолмен қурап қалғанда қала бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Жасыл желектер мүддесі үшін құлатылған азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай түрде өтемақылық құнды жергілікті бюджетке аударады.
      Мамандандырылған ұйыммен, көгалдандыру кәсіпорнымен жасалған шарт бойынша, уәкілетті органмен келісе отырып жеке және заңды тұлғалар өтемақы заттай түрінде жасалуы мүмкін.
      44. Өтемдік көгалдандыру:
      20 данадан астам ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген кезде – бекітілген дендрологиялық жобаға сәйкес;
      20 данадан кем ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген кезде – уәкілетті органмен келісілген сызбаға сәйкес жүзеге асырылады.
      45. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде құлатуға жататын жасыл желектер, құрылыс салушының қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Құрылыстың бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес, құрылыс салушылар жүргізетін көгалдандыру өтемдік көгалдандыру жұмыстары ретінде есепке алынбайды.

8. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік

      46. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      47. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Қағиданың баптарын бұзған жағдайда, қолданыстағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      48. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ішкі істер органдарының және қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды тұлғалары толтырады.

Жезқазған қаласындағы және оның
маңындағы елді мекендерінде
жасыл желектерді күтіп ұстау
және қорғау Қағидасына
1-қосымша

      Түгендеуді өткізетін ұйымның атауы_____________________________

      Түгендеу нөмірі____________________

Есеп объектісінің
ПАСПОРТЫ

      Объектің атауы_________________________________________________ _____________________________________________________________________

      Сыныптық коды__________________________________________________
                          (жердің функционалдық мақсаты бойынша)

      Әкімшілік-аумақтық қатысы______________________________________
                                     (әкімшілік маңызының коды)

      Жауапты иесі___________________________________________________

      Қорғау және пайдалану режимі, қала құрлысы қызметін реттеу режимі_______________________________________________________________

      Келісілді:             Келісілді              Келісілді:
      "Жезқазған қаласы      Жауапты                Уәкілетті
      сәулет және қала       иесі                   орган
      құрылысы" ММ
      ________________       ________________       ________________

      "__"_______200__ж.    "__"_______200__ж.     "__"_______200__ж.

      Есеп объектісінің паспортына қосымша:
      Жағдайлық жоспар (есептік объектінің орналасуы)________________
      Есеп объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар) М1:500; М1:1000
      Есеп объектісінің орман екпелерінің жоспары (түгендеу жоспары) М1:2000; М1:10000
      Жасыл желектердің әрбір ағашын есепке алу тізімі
      Түгендеуді өткізген ұйымдардың тізімі

Жезқазған қаласындағы және оның
маңындағы елді мекендерінде
жасыл желектерді күтіп ұстау
және қорғау Қағидасына
2-қосымша

____________________қаланың, елді мекеннің
_____ жылғы 1 қаңтардағы жасыл желектерінің
ТІЗІЛІМІ

      Жасыл желектер объектілерінің (учаскелерінің) көлемін жердің санатына, өсімдіктер түрлеріне және функционалдық мақсатына қарай бөлу

      Қала, елді мекен_______________________________________________
      Әкімшілік аудан: (коды)________________________________________
      Жауапты иесі:__________________________________________________

Жасыл желектердің тізілімі

р/с N түгендеу N объект паспорты

Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желектер объектілерінің (учаскелерінің) мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы

Сыныптық коды

Объектілердің (учаскелердің) га, жасыл желектер көлемі га/түп (ағаш., бұта).





А

Б

В

1

Кестенің жалғасы

Сабақ түріндегі жасыл желектер

Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп.

Бұта өсімдіктері

санаулы ағаштар

топтар, бөліктер

алқаптар, тоғайлар, бақтар га.

аллеялар, қатарлар

барлығы га/түп

жалғыз бұталар

жасыл желекті қоршау

қатарлап отырғызу

барлығы га/түп

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кестенің жалғасы

Ашық кеңістіктер

Гүлзарлар, га

Көгалдар, га

жылдық

көпжылдық

аралас

контейнерлік

барлығы

партерлік

кәдімгі

топыр ақ бетінің қабаты

барлығы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Кестенің жалғасы

Саябақ түріндегі өсімдіктер барлығы

Орман, табиғи үлгідегі өсімдіктер


Табиғи және аралас түрлі сүрекдің

Дақылдар

Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер

20

21

22

23

Жезқазған қаласындағы және оның
маңындағы елді мекендерінде
жасыл желектерді күтіп ұстау
және қорғау Қағидасына
3 - қосымша

200__ жылғы "__"__________ N________
Ағаш кесу билеті

      _______________________________________________________________

      (мекен-жай) ___________________________________________________

      Жұмыс түрі:____________________________________________________

      Уәкілетті органның_____________N______қорытындысының негізінде

      Өтемдік құнын төлеу____________________________________________
                               (төлем тапсырымының нөмірі мен күні)
      Өтемдік көгалдандыру мына мекен-жай бойынша:___________________ _____________________________________________________________________

      Өтемдік көгалдандыру мерзімі:__________________________________

      Жобаға қоса берілген санақ тізімі мен дендрожоспарға сәйкес:
      ________________________________түп ағашты,
      ________________________________түп бұтаны кесуге,
      ________________________________түп ағашты,
      ________________________________түп бұтаны қайта отырғызуға,
      ________________________________түп ағашты,
      ________________________________түп бұтаны сақтауға рұқсат етіледі.

      Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт:________________________ _____________________________________________________________________

      Жұмыстар_______________________________________________________
          (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
_____________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін.

      Жасыл желектерді құлату жұмыстары басталатын күн____________________________________________________________________________________
      (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (________тел.) хабарлансын.

      Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі_______________________

      Уәкілетті орган басшысының орынбасары__________________________

      ӨТЖ бастығы____________________________________________________
                                   (қолы, күні)

      М.о.

      Ағаш кесу билетін алдым________________________________________
                           (лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны)

      Ағаш кесу билеті_______________________________________жабылды.
                                        (қолы күні)

Жезқазған қаласындағы және оның
маңындағы елді мекендерінде
жасыл желектерді күтіп ұстау
және қорғау Қағидасына
4-қосымша

200__ жылғы "__"__________N________
Ағаш кесу билеті
(жасыл желектерді санитарлық және қайта жаңарту мақсатында кесу)

      _______________________________________________________________
                (мекен-жайы, әкімшілік аудан, қала, ауыл,
_____________________________________________________________________
                     жұмыс учаскесінің мекен-жайы)
      Жұмыс түрі:____________________________________________________

      Мынадай тапсырылған құжаттардың негізінде:_____________________
_____________________________________________________________________
құжаттардың негізінде

      Қоса берілген санақ тізіміне, жобаға және сызбаға сәйкес:
      ________________________________түп ағашты,
      ________________________________түп бұтаны кесуге,
      ________________________________түп ағашты,
      ________________________________түп бұтаны қалпына келтіруге рұқсат етіледі.
      Кесу түрі________________________________түп ағаш,
      _________________________________________түп бұта.

      Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт:________________________ _____________________________________________________________________

      Жұмыстар_______________________________________________________
         (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
_____________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін.

      Жасыл желектерді құлату жұмыстары басталатын күн_______________
_____________________________________________________________________
      (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (________тел.) хабарлансын.

      Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі_______________________

      Уәкілетті орган басшысының орынбасары__________________________

      ӨТЖ бастығы____________________________________________________
                                  (қолы, күні)

      М.о.

      Ағаш кесу билетін алдым________________________________________
                            (лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны)

      Ағаш кесу билеті_______________________________________жабылды.
                                      (қолы күні)

Жезқазған қаласындағы және оның
маңындағы елді мекендерінде
жасыл желектерді күтіп ұстау
және қорғау Қағидасына
5-қосымша

Жасыл желектерді құлатуға, қайта отырғызуға
N_________РҰҚСАТ
200__ жылғы "__"__________дейін қолданылады.

      1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші)__________________
      2. Кәсіпорынның басшысы (Т.А.Ж) (тапсырыс беруші)______________
      3. Сұрау салынып отырған учаскенің мақсаты_____________________
      4. Орналасқан жері ____________________________________________
      5. Іс-шараларды өткізудің негізі_______________________________
      6. Жер учаскесінің меншік нысаны (N, күні)_____________________
      7. Уәкілетті органның жасыл желектерді тексеру актісі (1-қосымша)
      8. Ағаш-бұта екпелерінің нақты (сапалық, сандық) жай-күйі (2-қосымша)
      9. Жасыл желек қорын өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат) (3-қосымша).

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желекті тексеру актісіне сәйкес жасыл желектердің жай-күйін ескере отырып, жоғарыда аталған ағаштарды құлатуға келісімін береді, бұл орайда бірінші басшыға мынадай талаптарды орындау жүктеледі:
      сәндік-бағалы жасыл желектерді жер асты мен әуедегі коммуникациларды қорғау нормалары мен ережелерді сақтай отырып отырғызу арқылы жасыл желектерді өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізу қажет;
      жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық кешені өткізу.

      Қосымша:______________________________
      Ескерту:________________________________

      Уәкілетті органның
      басшысы _______________ _______________________
                  (қолы)             (Т.А.Ж.)

      М.О.

Жезқазған қаласындағы және оның
маңындағы елді мекендерінде
жасыл желектерді күтіп ұстау
және қорғау Қағидасына
6-қосымша

200__ жылғы "__"__________N________
Жасыл желектерді тексеру актісі

      _______________________________________________________________
        (мекен-жай: аудан, қала, елді мекен, учаскенің мекен-жайы)

      Біз, төменде қол қоюшылар,_____________________________________
             (уәкілетті органның лауазымды тұлғасы, лауазымы, Т.А.Ж.,
_____________________________________________________________________
           тапсырыс берушінің өкілі, ұйымы, лауазымы, Т.А.Ж)
_____________________________________________________________________
      (құлатуға, қайта жаңартуға, қайта отырғызуға, санитарлық

______________________жатқызылған жасыл желектерге тексеру жүргіздік.
  мақсатта кесуге)

      Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:

N

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Құлату

Қайта отырғызу

Сақталады

Сапалық (нақты) жай-күйі

саны

дм.

саны

дм.

саны

дм.

жақсы

қанағат танарлық

қанағаттанарлықсыз

1











2











3











4











5











6











7











8











9











10











      Осы акт_____ данада жасалды.

      Ескерту: Тексеру актісі жасыл желектерді құлатуға немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Тапсырыс берушінің өкілі алды _________________________________
                                              (қолы, Т.А.Ж.)

      Уәкілетті органның
      Лауазымды тұлғасы _____________________________________________
                                      (қолы, Т.А.Ж..)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады