Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 47/2 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2008 жылы 23 желтоқсанда N 8-3-67 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 03 қыркүйектегі N 35/16 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009.09.03 N 35/16 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Серік Шәкірұлы Акеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 О. Бітебаев

О некоторых мерах по защите прав интеллектуальной собственности

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 20 ноября 2008 года N 47/2. Зарегистрировано Управлением юстиции города Темиртау Карагандинской области 23 декабря 2008 года N 8-3-67. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 03 сентября 2009 года N 35/16

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 03.09.2009 N 35/16.

      В целях обеспечения мероприятий по выявлению подделок товарных знаков и лиц, нарушающих права интеллектуальной собственности, а также их привлечению к установленной законодательством ответственности, в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", от 10 июня 1996 года "Об авторском праве и смежных правах", во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2008 года N 637 "О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2005 года N 367 и 21 апреля 2005 года N 371", акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В городе Темиртау и поселке Актау торговля экземплярами аудио-, аудиовизуальных произведений, программ для электронно - вычислительных машин и баз данных на любых материальных носителях осуществляется только в торговых домах и магазинах.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Темиртау Акенова Серика Шакировича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Темиртау                       О. Битебаев