Аудиожазба өнімдерін айналымға шығару орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 585 қаулысы. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 8-7-72 тіркелді. Жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 267 қаулысымен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының әкімдігінің 2009.08.27 N 267 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 165 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 31, 37 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысымен бекітілген "Ішкі сауда ережесін" орындау үшін, жасанды тауарлық белгілерді және зияткерлік меншік құқығын бұзушы тұлғаларды анықтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, заңдылықтармен белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласында және Ақтас кентінде аудио және аудиожазба шығармалардың таралымдары, электрондық-есептеу машиналары үшін бағдарламалар мен кез-келген материалдық тасымалдағыштардағы деректер базасының саудасы тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Осы қаулының орындалуың бақылау кала әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.

      Саран қаласының әкімі                      М. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады