"Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" Қарқаралы аудандық Мәслихаттың үшінші сессиясыңың 2007 жылғы 22 қазандағы N 3/24 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 16 қазандағы N 9/99 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 31 қазанда N 8-13-53 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/281 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010.12.23 N 28/281 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" Қарқаралы аудандық Мәслихаттың үшінші сессиясының 2007 жылғы 22 қазандығы N 3/24 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне - N 8-13-35 болып тіркелген, 2007 жылғы 10 қарашадағы N 89-90 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
      1) 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.";
      2) аталған шешіммен бекітілген Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасына:
      32 тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз камтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің құны.".
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Смагұлов) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы                            Е. Ахметчин

      Аудандық Мәслихат хатшысы
      міндетін атқарушы                          С. Нүркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады