Қарой ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Қарой селосының әкімінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 23 мамырда N 8-14-72 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай–ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Қарой ауылының Парижская Коммуна, Целинная, Олимпийская, Антоновка көшелерінің тұрғындары атынан ұсынылған көшелерінің атын өзгерту туралы өтінішін қарап:
      1. Қарой ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Парижская Коммуна көшесі Абай көшесіне;
      2) Целинная көшесі С. Сейфуллин көшесіне;
      3) Олимпийская көшесі Ы. Алтынсарин көшесіне;
      4) Антоновка көшесі Б. Момышұлы көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                                 С. Түйтебеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады