Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылдың 11 наурыздағы N 171 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 28 наурызда N 2008 тіркелді. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 08 мамырдағы № 85 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2012.05.08  № 85 қаулысымен.
       «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын әлеуметтік жағынан Қорғау мақсатында, облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2010.08.23 № 318 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       1. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай (ақшалай төлем құралдары облыстыҚ бюджет құралдарынан) Қамту 25 есе айлық есеп төлем көрсеткішімен белгіленсін.
       2. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
       3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі – ақшалай қамту) белгіленеді.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. алынып тасталды - Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң олданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5.Ақшалай қамтуды алуға үміткерлердің тізімдік құрамы қажеттілігіне қарай облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұсынуы бойынша жұмыс тобының шешімінің негізінде жылына 2 рет анықталады.

      6.Ақшалай қамту жөніндегі жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

      7. Спортшылардың республикалыҚ және халықаралық жарыстарда спорттық нәтижелері болмаған, республикалық немесе облыстық құрама командаларының сапынан шығарылған және спорттық тәртіпті бұзған жағдайында, облыс әкімінің және жұмыс тобының шешімімен ай сайын ақшалай қамтуы тоқтатылуы мүмкін.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А.Қараевқа жүктелсін.

      9. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                 Қ. Көшербаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ж.А.Қараев
      Ә.Ө.Сахимов
      Е.А.Бектұрғанов
      А.Әбдешұлы

      Маңғыстау облысы
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      департаментінің директоры
      Х.Х.Нұрғалиева
      "____"___________ 2008 ж.

      Маңғыстау облысы
      Қаржы департаментінің директоры
      М.Б.Әлібекова
      "____"___________ 2008 ж.

      Маңғыстау облысы
      дене тәрбиесі және спорт
      басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      Р.Ф.Елизарова
      "____"___________ 2008 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2010 жылғы «23» тамыздағы
№ 318 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2010.08.23 № 318 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

Жұмашев
Қаныбек Бекболатұлы

облыс әкімнің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі

Елизарова
Рушания Фаритовна

Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары

Жұмыс тобының мүшелері:

Иманғалиев
Қазбек Рахметұлы

Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің бастығы

Джумаев
Айнди Зайндиевич

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жас қанат» спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры

Көпенов
Жақсылық Қайыркенұлы

спорт ардагері

Коломиец
Анатолий Константинович

спорт ардагері

Озғанбаев
Қанат Амандықұлы

Маңғыстау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Маңғыстау облысының олимпиадалық резервін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады