Маңғыстау облысы аумағында арнайы станционарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесі туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 278 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 19 мамырда N 2013 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 76 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4 бабына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды реттеу мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы аумағында арнайы стационарлық  үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ж.А. Қараев
      Ә.Ө. Сахимов
      Е.А. Бектұрғанов
      А. Әбдешұлы

      А.К. Рзаханов
      Маңғыстау облыстық ішкі саясат
      басқармасының бастығы
      18 сәуір 2008ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 18 сәуірдегі 
N 278  қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысы аумағында арнайы стационарлық
үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық
сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз
өнімін өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4 - 4 бабына сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысы аумағында эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын өткізуді ретке келтіруге бағытталған.

      2. Осы Тәртіп эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының барлығына, соның ішінде алыс және жақын шетелден әкелінетіндеріне де қатысты.

      3. Осы Ережеде төмендегі ұғымдар пайдаланылған:
      эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі - тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қозғайтын, оқырманның сексуалдық сезіміне әсер ететін баспасөз басылымы;
      арнайы стационарлық үй-жай - іргетасы мен қабырғаларына нұқсан келтірместен бұзуға келмейтін ғимарат, құрылыс немесе оның бір бөлігі.

2. Арнайы стационарлық үй-жайлардың  орналасу тәртібі

      4. Арнайы белгіленген стационарлық үй-жайларды:
      мемлекеттік мекемелердің, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ғимараты қоршауынан, қоршауы болмаған жағдайда ғимараттан бастап радиусы 100 метрге дейінгі жерде;
      сәулет және тарихи ескерткіштер маңында;
      діни ғұрыптар орындалатын ғимараттарға таяу орналастыруға тыйым салынады.

      5. алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008.08.06 N 734 Қаулысымен.

3. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын
мерзімді баспасөз өнімін арнайы стационарлық үй-жайларда
өткізудің ережесі

      6. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде ғана сатылады.

      7. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын жасы он сегізге толмағандарға сатуға тыйым салынады.

      8. Аталған баспа басылымдарын жасы он сегізге толмағандардың сатуларына және таратуларына тыйым салынады.

4. Жауапкершілік

      9. Осы мақсатқа арнайы бөлінбеген орындарда эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды және таратуды жүзеге асыратын тұлғалар қазақстан Республикасының "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады