Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 10/125 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 2207 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қаңтарда N 2036 тіркелді

      Ескерту. Бүкiл мәтін бойынша «селосының», «селолық» деген сөздер «ауылының», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
       Мұнайлы аудандық мәслихаты мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсынысын қарай келіп, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 16-бекет, Үлкен және Кіші Емір аумақтары осы шешім мен қаулының 1-қосымшасына сәйкес Баянды ауылының әкімшілік-аумақтық бірлігіне жатқызылсын;
      2) Қызылтөбе ауылдық округінің шекарасы осы шешім мен қаулының 2-қосымшасына сәйкес оның құрамына "Южное" және "Геолог" бау-бақша бірлестіктері қосылып, өзгертілсін;
      3) Мұнайлы ауданының Атамекен, Дәулет және Басқұдық ауылдық округтарының шекаралары осы шешім мен қаулының 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

       2. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                             Ж. Сүйінов

      Облыс әкімі                                 Қ. Көшербаев

      Облыстық мәслихат хатшысы                   Б. Шелпеков

       РҚАО-ның ескертуі: 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларын қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады