"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 845 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 қыркүйекте № 11-1-95 тіркелді. Күші жойылды Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1097 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Ақтау қаласы әкімдігінің 12.10.2009 № 1097 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру нұсқаулығы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру нұсқаулығы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Ақтау қалалық әкімдігінің 17.08.2007 жылғы N 1167 қаулысының және Ақтау қалалық әкімдігінің 14.07.2008 ж. N 700 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.А.Клинчевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

С. Бекбергенов


      БЕКІТІЛДІ:

  Ақтау қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 15 тамыздағы N 845
қаулысымен 1-Қосымша

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
I. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастыру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына, ҚР Салық кодексіне, ҚР Кеден кодексіне сәйкес әзірленді және "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін ұйымдастырудың тәртібін айқындап белгілейді.

      2. Арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Республикасының шекаралары дәл белгіленген шектелген аумағы болып табылады, онда қызметінің басым және басым түрлеріне жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізуге сәйкес келетін өзгелерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

      3. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс қызметі, Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтарындағы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, осы Нұсқаулыққа және "Ақтау теңіз порты" АЭА уәкілетті органы бекіткен, басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Нұсқаулық мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      Уәкілетті орган - Ақтау қаласының әкімдігі.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның кіші аймағы - "Ақтау теңіз порты" АЭА дамыту стратегиясына сәйкес жобаларды орналастыруға арналған, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағының шегінде орналасқан шартты географиялық аймақ.

      Өтініш беруші - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуға талапкер заңды тұлға, жеке кәсіпкер, нерезидент.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА әкімшілігі - АЭА "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс істейтін, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - "Ақтау теңіз порты" дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      Сараптау кеңесі - өтінімдерді қарауға және Өтініш берушінің "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің критерийіне сәйкестігі туралы ұсыным беруге уәкілетті, қала әкімі жанындағы кеңес.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым түрлерін жүзеге асыратын және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан, заңды тұлға.

      Қызметінің басым түрлері - оған арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі - Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамалары мен өзге де заңдарына сәйкес жеңілдіктер беру таралатын, қызметінің түрлері.

      АЭА -тың өзге де субъектілері - басым түрлеріне жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізуге сәйкес келетін және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және нерезиденттер.

      Оператор - компания - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларды тарту, оларды қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган айқындап белгілейтін, заңды тұлға.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА Салық комитеті - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА Кедендік постысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға кедендік әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган.

      Инвестициялық қызмет туралы келісім-шарт - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым және өзге де түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша құқықтар мен міндеттер белгілейтін, АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен арасында жасасқан, инвестициялық қызмет жүргізу туралы келісім.

II. "Ақтау теңіз порты" АЭА басқару

      5. "Ақтау теңіз порты" АЭА басқаруды Уәкілетті орган - Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асырады. Уәкілетті органның құзыреті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығымен бекітілген, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы" Ережемен айқындалған.

      6. "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның жекелеген функциясын жүзеге асыратын Атқарушы басқару органы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі болып табылады.

      7. "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі:

      7.1"Ақтау теңіз порты" АЭА даму Стратегиясын әзірлейді және іске асырады;

      7.2 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      7.3 уәкілетті орган айқындап белгілеген тәртіппен, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды;

      7.4 "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушыларымен қызметін жүргізу туралы келісім жасасады;

      7.5 "Ақтау теңіз порты" АЭА кіші аймақтарына оператор-компанияларды конкурстық негізде іріктеуге қатысады;

      7.6 кіші аймақтардағы оператор-компаниялармен шарттар жасасады;

      7.7 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына уақытша ақылы (жалға) жер, сондай-ақ "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және нерезиденттерге, осында құрылған "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағынан жер учаскесін береді;

      7.8 Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем сомасының есептерін түзіп жасайды;

      7.9 "Ақтау теңіз порты" АЭА оператор-компанияларының, қатысушыларының және өзге де субъектілерінің есебін жүргізеді;

      7.10 "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның оператор-компанияларының, қатысушыларының және өзге де субъектілерінің міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда, олармен жасасқан шарттарды қайта қарауға немесе мерзімінен бұрын бұзуға әзірлеуге ұйтқы болады;

      7.11 мемлекеттік органдарға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қызметі туралы ақпарат табыстайды;

      7.12 "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметін регламенттейтін, Әкімшілік Жарғысының нұсқауына және басқа да құжаттарға сәйкес өзге де іс-әрекетті жүзеге асырады.

      8. Өтінімдерді қарауға және "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысының немесе өзге де субъектісінің критерийіне Өтініш берушінің сәйкес келетіндігі туралы ұсынымдар беруге уәкілетті алқалы органы Ақтау қаласы әкімі жанындағы Сараптама кеңесі болып табылады. Сараптама кеңесінің құрамы мен оның қызметінің регламенті, Уәкілетті орган бекітетін, Сараптама кеңесі туралы Нұсқаумен айқындалып белгіленеді.

      9. АЭА жұмыс істеген кезеңінде, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкімшілік ету функциясын жүзеге асыратын органы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Ақтау теңіз порты" Салық комитеті" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      10. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға кедендік әкімшілік ету функциясын жүзеге асыратын органы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Кедендік постысы болып табылады.

      11. "Ақтау теңіз порты" АЭА даму Стратегиясымен орындалуы белгіленген, жекелеген кіші аймақтың мақсаты мен міндеттерінің орындалуы үшін уәкілетті органның алдында жауапты органы, кіші аймақтағы оператор-Компания болып табылады. Оператор-Компанияның құзыреті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңымен айқындалып белгіленген.

      12. Кіші аймақтағы оператор-Компания:

      12.1 "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметіне қатысуы үшін арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушыларын тартады;

      12.2 арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс қызметіне жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру жөнінде "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігіне ұсыныстар енгізеді;

      12.3 арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті, заңды/жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімдерін жедел жүргізу, рұқсат құжаттарын алу мақсатында, мемлекеттік органдармен қатынастарда "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушыларының мүддесін білдіреді;

      12.4 құрылыс салуды, кейіннен инфрақұрылымдық ресурстарды пайдалана қызмет көрсете қамтуды жүзеге асырады; "Ақтау теңіз сауда порты" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына, сондай-ақ "Ақтау теңіз порты" АЭА -тың өзге де субъектілеріне өздерінің кіші аймақтарының шегінде жобаларын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, өзінің кіші аймақтарында тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      12.5 арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген, "Ақтау теңіз порты" АЭА -тың өзге де субъектілерімен шарттар жасасады және бұзады;

      12.6 "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен шарт жасасады, онда кіші аймақты дамытуға және басқаруға байланысты, міндеттері мен өкілеттігін, жұмыс қызметінің тәртібін және басқа да мәселелерін айқындап белгілейді;

      12.7 Қазақстан Республикасының осы Заңына және өзге де заңдарына қайшы келмейтін, өзге де шаруашылық қызметін жүргізеді.

III. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы жұмыс қызметінің түрлері

      13. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс қызметінің мынадай түрлерін жүзеге асыруға рұқсат беріледі:

      1) Қызметінің басым түрлері - оған Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамаларына және өзге де заңдарына сәйкес жеңілдіктер беру - арнайы экономикалық аймағының құқықтық режимі таралатын жұмыс қызметінің түрлері. Қызметінің басым түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалып белгіленеді;

      2) Қызметінің өзге де түрлері - басым түрлеріне жатпайтын, алайда "Ақтау теңіз порты" АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуы мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін, қызметі.

IV. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру

      14."Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру, Уәкілетті орган бекіткен, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығымен айқындалып белгіленеді.

V. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жер пайдалану құқығын беру

      15. "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысы, сондай-ақ "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілері құрылысын салу көздестірілген, инвестициялық қызмет туралы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен Келісім-шарт жасасқаннан кейін, АЭА аумағында жер учаскесіне уақытша ақылы жер пайдалану құқығын алады.

      16. 21 тармақ бойынша инфрақұрылым объектілері мен басқа да объектілер құрылысын салу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің және оператор-Компанияның келісімі бойынша жүргізіледі.

      17. АЭА кіші аймақтарының инфрақұрылымын құру және кейіннен инфрақұрылымдық ресурстарды пайдаланып қызмет көрсете қамту бойынша оператор-Компания шеккен шығындар, "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушылары мен өзге де субъектілері үшін белгіленген төлем тарифтері арқылы өндіріледі.

      18. "Ақтау теңіз порты" АЭА -тың Қатысушыларына, сондай-ақ өзге де субъектілеріне бөлінген жер учаскелерінің көлемін кейіннен өзгерту, "Ақтау теңіз порты" АЭА басқару органының келісімі бойынша жүргізіледі.

      19. Арнайы экономикалық аймақтың режимінің қолданылуы кезеңінде "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жер учаскелерін сатуға және өзгедей оқшаулауға тыйым салынады.

      20. АЭА режимін қолдану аяқталғаннан кейін, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында орналасқан, қызметін жүргізу туралы келісім аясында салған объектілерінің иесі, тиісті жер учаскесін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, оның кадастрлық ( бағалау) құны бойынша сатып алуға басым құқыққа ие болады.

      21. АЭА режимінің қолданылуы аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде жеке меншікке сатып алынбаған жер учаскелерін, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі Ақтау қаласының әкімдігіне береді.

VI. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында мемлекеттік
органдармен өзара іс-қимыл жасау

      22. "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында кедендік және салықтық реттеу, шетелдік жұмыс күштерін тарту, бақылау мен есептілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің нормативтік құжаттарымен жүзеге асырылады.

VII. "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің қызметін тоқтату

      23. "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының, сондай-ақ өзге де субъектілерінің қызметін тоқтату мынадай жағдайларда:

      1) "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының бастамашылығы бойынша;

      2) "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыратын, жеке және/немесе заңды тұлғалардың бастамашылығы бойынша;

      3) Уәкілетті органының шешімінің негізінде "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің бастамашылығы бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.

      БЕКІТІЛДІ:

  Ақтау қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 15 тамыздағы N 845
қаулысына 2-Қосымша

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
I. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      - Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң);

      -Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" (бұдан әрі - "Ақтау теңіз порты" АЭА) 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына;

      - "Ақтау теңіз порты" АЭА дирекциясы" мемлекеттік мекемесінің 04. 06. 2007 ж. Жарғысына;

      - Ақтау қаласы Әкімдігінің 04.08.2007 ж. Қаулысымен бекітілген, Сараптама кеңесі туралы Ережеге сәйкес әзірленді және "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру нұсқауын, "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушылары мен өзге де субъектілері ретінде заңды және жеке тұлғаларды тіркеуді, сондай-ақ қызметінің "Ақтау теңіз порты" АЭА" арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсатына сәйкесті есебі мен бақылау жүргізуді айқындап белгілейді.

      2. АЭА аймағын құру мақсатына сәйкес АЭА әкімшілігі, АЭА қатысушылары ретінде заңды тұлғаларға, сондай-ақ АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті қызметінің басқа да түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асырады.

      3. Осы Нұсқау мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      Уәкілетті орган - Ақтау қаласының әкімдігі.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы

      "Ақтау теңіз порты" АЭА-ның кіші аймағы - "Ақтау теңіз порты" АЭА дамыту стратегиясына сәйкес жобаларды орналастыруға арналған, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағының шегінде орналасқан шартты географиялық аймақ.

      Өтініш беруші - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуға талапкер заңды тұлға, жеке кәсіпкер, нерезидент.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА әкімшілігі - АЭА "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жұмыс істейтін, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - "Ақтау теңіз порты" дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      Сараптау кеңесі - өтінімдерді қарауға және Өтініш берушінің "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің критерийіне сәйкестігі туралы ұсыным беруге уәкілетті, қала әкімі жанындағы кеңес.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым түрлерін жүзеге асыратын және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан, заңды тұлға.

      Қызметінің басым түрлері - оған арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі - Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамалары мен өзге де заңдарына сәйкес жеңілдіктер беру таралатын, қызметінің түрлері.

      АЭА -тың өзге де субъектілері - басым түрлеріне жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсаттарына қол жеткізуге сәйкес келетін және инвестициялық қызметін жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және нерезиденттер.

      Оператор - компания - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына қатысушыларды тарту, оларды қызметінің басым түрлерін жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган айқындап белгілейтін, заңды тұлға.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА Салық комитеті - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды салықтық әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА Кедендік постысы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға кедендік әкімшілік ету бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган.

      Инвестициялық қызмет туралы келісім-шарт - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметінің басым және өзге де түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, АЭА қатысушысының немесе өзге де субъектілерінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігімен арасында жасасқан, инвестициялық қызмет жүргізу туралы келісім.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу журналы - "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, АЭА заңды тұлғалары мен өзге де субъектілері туралы сәйкестендіру, экономикалық, статистикалық және мәтіндік ақпарат қамтылған, сандық және сапалық көрсеткіштердің бірыңғай жүйесі.

II. Қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға
заңды тұлғаларға рұқсат беру

      4. АЭА Қатысушысы мәртебесін алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық және кеден заңнамасына сәйкес салықтық және кедендік жеңілдіктер берілуі үшін қажет.

      5. АЭА қатысушылары ретінде заңды тұлғаларға рұқсат беру, осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес құжаттардың тізбесі табысталып, кезең-кезеңмен жүргізіледі.

      6. АЭА Қатысушысы мәртебесін алуға талапкер заңды тұлға, АЭА Әкімшілігіне осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімі мен осы Нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның паспортын береді.

      7. Өтінім берілгеннен кейін АЭА Әкімшілігі оны өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. Өтінімді тіркеу күні оның берілген күні болып табылады.

      8. АЭА Әкімшілігі өтінімді, оның тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      9. Жобаның "Ақтау теңіз порты" АЭА мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі, жобаға кейіннен сараптама жүргізу және Сараптама кеңесіне беру үшін қосымша ақпарат сұратады; сәйкес келмеген жағдайда - жобаны қарауға қабылдаудан бас тартады;

      10. Өтініш берушінің "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысының критерийіне сәйкес келген жағдайда, Сараптама кеңесі, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігіне Сараптама кеңесі мүшелерінің Сараптама кеңесі отырысының хаттамасына қолы қойылған ұсынымын табыстайды; сәйкес келмеген жағдайда - ұсыным беруден бас тартады;

      11. Табысталған жобаны қарау нәтижелері бойынша "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      12. АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің шешімі негізінде, заңды тұлға:

      1) инвестициялық қызметі туралы келісім-шартын;

      2) инфрақұрылым ресурстары бойынша оператор-Компаниямен шартын;

      3) жер учаскесін жалдау шарын жасасады.

      13. "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі:

      1) "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу журналына заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізеді;

      2) осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Рұқсат береді.

      14. Заңды тұлға заңнамаға сай:

      1) заңды тұлғаның орналасқан жерін "Ақтау теңіз порты" АЭА мекен-жайы бойынша көрсете отырып, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді;

      2) "Ақтау теңіз порты" АЭА -ның Салық комитетінде есепке қоюды;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитетінің Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімінде қатысушының сыртқы экономикалық қызметінің (СЭҚ) карточкасын тіркеуді және алуды жүзеге асырады.

      15. АЭА Қатысушысының Келісім-шартының қолданылу мерзімінің өтуі, сондай-ақ Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуы жағдайында, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Рұқсаттың күші жойылады.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу Журналына тиісті өзгерістер енгізіледі.

III. Қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруға
жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру

      16. АЭА аумағында басымдық түрлерге жатпайтын, алайда АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуы мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік жеңілдіктер беру үшін қажет. Көрсетілген тұлғаларға рұқсат беру, осы Нұсқаулықтың 1- қосымшасына сәйкес, құжаттар тізбесі табысталып, кезең-кезеңмен жүргізіледі.

      17. АЭА аумағында қызметінің өзге де түрлерін жүзеге асыруы үшін рұқсат алуға талаптанған АЭА өзге де субъектілері, АЭА Әкімшілігіне осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімі мен осы Нұсқаудың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның паспортын береді.

      18. Өтінім берілгеннен кейін АЭА Әкімшілігі, оны өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. Өтінімді тіркеу күні оның берілген күні болып табылады.

      19. АЭА Әкімшілігі өтінімді, оның тіркелген кезінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      20. Өтініш берушінің қызметі "Ақтау теңіз порты" АЭА мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі, жобаға кейіннен сараптама жүргізу және Сараптама кеңесіне беру үшін қосымша ақпарат сұратады; сәйкес келмеген жағдайда - жобаны қарауға қабылдаудан бас тартады;

      21. Өтініш берушінің қызметі "Ақтау теңіз порты" АЭА тиімді жұмыс істеуі мен дамуының мақсатына қол жеткізуге сәйкес келген жағдайда, Сараптама кеңесі, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігіне Сараптама кеңесі мүшелерінің Сараптама кеңесі отырысының хаттамасына қолы қойылған ұсынымын табыстайды; сәйкес келмеген жағдайда - ұсыным беруден бас тартады;

      22. Табысталған жобаны қарау нәтижелері бойынша, "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      23. АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігінің шешімі негізінде, АЭА өзге де субъектілері:

      1) инвестициялық қызметі туралы келісім-шартын;

      2) инфрақұрылым ресурстары бойынша оператор-Компаниямен шартын;

      3) жер учаскесін жалдау шартын жасасады.

      24. "Ақтау теңіз порты" АЭА Әкімшілігі:

      1) "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу Журналына заңды тұлға, жеке кәсіпкер және нерезидент туралы мәліметтер енгізеді;

      2) осы Нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Куәлігін береді.

      25. АЭА -тың өзге де субъектілері заңнамаға сай:

      1) орналасқан жерін "Ақтау теңіз порты" АЭА -ның мекен-жайы бойынша көрсете отырып құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитетінің Маңғыстау облыстық Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімінде қатысушының сыртқы экономикалық қызметінің (СЭҚ) карточкасын тіркеуді және алуды жүзеге асырады.

      26. АЭА-ның өзге де субъектілерінің Келісім-шартының қолданылу мерзімінің өтуі, сондай-ақ Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуы жағдайында, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында инвестициялық қызметін жүзеге асыру құқығына Куәлігінің күші жойылады.

      "Ақтау теңіз порты" АЭА субъектілерін тіркеу Журналына тиісті өзгерістер енгізіледі.

IV. Қорытынды ережелер

      27.Өтініш беруші, АЭА аумағында қызметінің басым, сондай-ақ өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беруден бас тартылуына келіспеген жағдайда, заңнамамен белгіленген тәртіппен АЭА Әкімшілігінің іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.

      28. Өтініш беруші мен АЭА Әкімшілігі арасындағы даулар мен келіспеушіліктер

      Қазақстан Республикасының Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      29.АЭА қатысушыларының құқықтарына кепілдік беру, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.

  "Ақтау теңіз порты" арнайы
экономикалық аумағында
қызметін жүзеге асыруға
жеке және заңды тұлғаларға
рұқсат беру Нұсқаулығына
1-қосымша

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыруға
жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруге арналған құжаттардың
Тізбесі

      I - кезең, бастапқы іріктеу:

      - инвестициялық жобаны қарауға өтінім ( белгіленген N 1 нысан бойынша);

      - инвестициялық жобаның паспорты (белгіленген N 2 нысан бойынша);

      П - кезең, сараптамалық талдау:

      - жер учаскесін резервке ұстауға өтінім (белгіленген N 3 нысан бойынша);

      - кәсіпорын басшысы туралы қысқаша анықтама;

      - өтініш беруші-кәсіпорынның соңғы жылдағы есеп-шоты бойынша орташа айлық айналымы көрсетілген (картотека және ссудалық берешектері бойынша мәліметтері) қаржылық жай-күйі туралы қызмет көрсетуші банктің анықтамасы;

      - салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы/болмауы туралы салық комитетінің анықтамасы;

      - жобаны қаржыландыру үшін қажетті, бастамашы- кәсіпорынның қаржылық қабілеті мен несие қаражатын алуға мүмкіндігі және/немесе басқа да қаржы көздері туралы куәландыратын, құжаты;

      - инвестициялық жобаның Бизнес-жоспары;

      - негізгі және көмекші цехтар мен орын-жайларды орналастырудың схема-жоспары;

      - цехтарда жабдықтарды орналастырудың схема-жоспары;

      - энергия тасымалдағышына, суға, буға және басқаларына қажеттілігі;

      - темір жолға қажеттілігі;

      -өнеркәсіптік сарқынды судың болуы, зиянды заттардың сарқынды суда шоғырлануы;

      - атмосфераға өнеркәсіптік шығарындының болуы, шығарындылардың және олардың шоғырлануының сипаттамасы.

      Ш - кезеңі, шарттар жасасу:

      - "Ақтау теңіз порты" АЭА Қатысушысының Жарғысы мен Құрылтай шарты (нотариалдық куәландырылған);

      - Уәкілетті органдардың қаржылық және өзге де құжаттарға қол қою құқығымен бірінші басшысын және бас бухгалтерін тағайындау туралы шешімі;

      - бірінші басшының және бас бухгалтердің жеке куәліктерінің көшірмелері;

      - жер учаскесін жалдауға өтінімі.

  "Ақтау теңіз порты" арнайы
экономикалық аумағында
қызметін жүзеге асыруға
жеке және заңды тұлғаларға
рұқсат беру Нұсқаулығына
2-қосымша

Ұйымның баланкісіне

      N__________

      "____" ____________200____ ж.

      "Ақтау теңіз порты"

      АЭА дирекциясы" ММ

      директоры

      _____________________

      Сізден "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында орналастыру үшін "Жобаның атауы" инвестициялық жобасын қарауға қабылдауыңызды сұраймын.

      Инвестициялық жобаның паспорты қоса беріліп отыр.

      Басшы қолы

  "Ақтау теңіз порты" арнайы
экономикалық аумағында
қызметін жүзеге асыруға
жеке және заңды тұлғаларға
рұқсат беру Нұсқаулығына
3-қосымша

Инвестициялық жобаның паспорты

      1. ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

      1.1 Жобаның атауы:

      1.2. Жоба бастамашысының атауы

      1.3. Жобаның сипаттамасы

      1.4. Жобаның жалпы құны (млн. $),

      Инвестицияны қаржыландырудың көздері мен көлемін көрсету:

      - негізгі капиталға

      - айналым капиталына

      1.5. ОКЭД сәйкес қызметінің түрі: код нөмірі, қызмет түрінің атауы

      2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

      2.1 өндіріс құрылыстарын салуға қажетті жер учаскесінің көлемі, га

      2.2. пайдаланылатын технологиялар (сипаты, ерекшелігі, айырмашылығы)

      2.3. қызметкерлердің орташатізімдік саны:

      - зауыт құрылысын салу кезеңінде

      - зауыттың жұмыс істеуі кезеңінде; оның ішінде басқару құрамы мен өндірістік қызметші құрамының арақатынасы

      2.4 Жобаның негізгі техникалық шешімдерінің патенттік қорғалуы

      2.5. Лицензиялау (талап етіледі/ талап етілмейді)

      - өнімдері

      - қызметінің түрлері

      2.6. Сертификаттау ( сертификатының болуын, сертификатқа қажеттілігін көрсету):

      - өнімдері

      - өндіріс технологиясы

      - халықаралық стандарттары

      2.7. Өндірістік өнімдері мен технологияларының жаңасы ( бәсекеге қабілеттілігі)

      2.8. Жобаны іске асыруды бастаудың жорамалданған күні ( жылы және айы)

      2.9. Жобаны іске асырудың жұмыс кестесі

      3. ШЫҒАРУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМ:

      3.1. Шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері:

      - бұйымдардың номенклатурасы

      - бұйымдардың сипаттамасы

      3.2. Бастапқы материалдар:

      - пайдаланылатын шикізат пен шала өнімдер

      - жорамалданған жеткізушілер

      3.3. Маркетингтік ақпарат:

      - тұтыну саласы

      - дайын өнімдерді сатып өткізу рыногы

      - өнімдердің қандай бөлігі экспортталады, %

      - бәсекелестер туралы мәліметтер ( таяу өңірлердегі, әлемдегі осы тектес өндірістерді санамалап көрсету)

      4. ЖОБА БАСТАМАШЫСЫ -КӘСІПОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      4.1. Кәсіпорынның толық және қысқартылған атауы:

      4.2. Мекен-жайы:

      - заңды

      - пошталық

      - электрондық

      4.3. Меншік нысаны.

      4.4. Кәсіпорынның жарғылық капиталы: кәсіпорын акционерлерінің немесе қатысушыларының құрамы

      4.5. Кәсіпорынның рыноктардағы қысқаша тарихы, рыноктағы жұмыс тәрбиесі:

      - ішкі

      - сыртқы

      4.6. Құрылған жылы:

      4.7. Кәсіпорын басшысы (ТАӘ толық, телефоны);

      4.8. Жобаның басшысы (ТАӘ толық, телефоны);

      4.9. Байланыстағы адам (ТАӘ толық, телефоны);

  "Ақтау теңіз порты" арнайы
экономикалық аумағында
қызметін жүзеге асыруға
жеке және заңды тұлғаларға
рұқсат беру Нұсқаулығына
4-қосымша

      _________________________________

      (тіркеу нөмірі)

      "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы"

      Мемлекеттік мекемесі

      РҰҚСАТ

      Заңды тұлғаның атауы: _________________________________________

      ________________________________________________________________

      "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында инвестициялық жобасын (жобаның атауы) жүзеге асыруға құқық беріледі.

      "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық

      аймағының дирекциясы" Мемлекеттік мекемесінің

      директоры

      Т.А.Ә.

      Рұқсат берілген күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады