Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы N 10/122 бр бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте № 3655 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мынадай елді мекендер таратылсын және Қостанай облысының есептік деректерінен алынып тасталсын:
      Қамысты ауданы Дружба ауылдық округінің Ақбай ауылы,
      Қамысты ауданы Бестау ауылдық округінің Шөптікөл ауылы.

      2. Дружба ауылдық округі Қамысты ауданының Дружба ауылы,
      Бестау ауылдық округі Қамысты ауданының Аралкөл ауылы болып қайта құрылсын.

      Ескерту. 2-тармақ редакцияда - Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.05 N 132/11 бр бірлескен қаулысы мен шешімі.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         А. Жалғасов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ғ. Сағиев

      Қостанай
      облысының әкімі                            С. Кулагин

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады